Бұл туралы өткен жыл ішінде атқарылған жұмыстар туралы есеп берген Махамбет ауданы әкімінің уақытша міндетін атқарушы Мұқаш Зұлхарнай айтты» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
«Қазіргі таңда аталмыш ауылдарда мамандарға арналған тұрғын үй құрылысына жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталды. Дәрігер тапшылығын азайту мақсатында өткен жылы Таңдай ауылынан дәрігерлер үшін қызметтік пәтер сатып алынып, жас мамандарға табысталды. Жалпы, өткен жылы ауданға 4 дәрігер маман келді. Және Махамбет ауданының жедел жәрдем стансасы жеке ғимаратқа көшірілді» деді спикер Мұқаш Зұлхарнай.
Еске сала кетелік, Махамбет ауданында 60 кереуеттік орталық аурухана, 250 науқасты қабылдауға арналған емхана, 8 дәрігерлік амбулатория, 5 медпункт бар. Онда барлығы 47 жоғары білімді дәрігер мен 173 орта буын медицина қызметкері еңбек етуде.