Таңдай ауылында Наурыз тойы дүркіреп өтті

Бақсай ауылдық округінің орталығы Таңдай ауылында Наурыз мерекесі атап өтілді.

Киіз үй тігіліп, тұрғындарға ақ дастархан жайылды. Ауыл әкімі, ауылдың ардақтылары мерекелік құттықтауларын жеткізді.

Шара барысында ұлттық ойындар да дәріптелді. Гір тасын көтеру, қол күресі, арқан тартыс, қой көтеруден, балалар арасында ешкінің төлін көтеруден сайыстар өтті. Бір қызығы, қол күресіне зейнет жасындағы аналар да қатысып, шараның көрігін қыздыра түсті. Қой көтеруде жеңімпаз атанған ауыл азаматы қойды өзімен бірге көтеріп әкетті.

Балаларға арналған айналмақтар, алтыбақан да құрылып, өнерпаздар әннен шашу шашты.

 

Қ.БАҒЫТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз