Сарытоғайлықтар әз-Наурыз мерекесіне арналған концертті тамашалады

Көктемнің  жылу шуағын өзімен бірге ала келетін, жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағында Сарытоғай ауылының тұрғындары Наурыз тойын тойлады.

Мерекелік шараға ауылдық округ әкімі Руслан Әженов қатысып, ауыл тұрғындарын көктемгі мерекемен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

-Ежелден жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған Әз-Наурыз құтты болсын ағайын! Еліміз тыныш, туған жерімізде амандық, бейбітшілік, бірлік болсын!Арайлап атқан әрбір таң шат көңіл, бақыт және береке сыйласын! Ақ мол, жылымыз ырысты болсын!-деді ауыл әкімі.

Шат-шадыман күйге бөленген көпшілік алаңға жиналды. Жиналған қауым мерекелік концерт тыңдап, ұлттық тағамдардан дәм татты.

Қ.БАҒЫТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз