Талдыкөл ауылындағы мектеп-балабақша кешенінде аудан әкімінің шыршасы өтті.
Оған ауданның елді мекендерінен аз қамтылған отбасыларының, мүмкіндігі шектеулі 56 бала қатысты.
Міне, көптен күткен көптен күткен шырша той да басталып, ортадағы мәуелі биік шыршаның шамын аудан әкімі Ж.Ахметов өзі бастап жағып, балаларға жаңа жылдық ақжарма тілегін арнады.
Аудан басшысы шыршатойға келген барлық балаларды жаңа 2020 Тышқан жылымен құттықтап, денсаулықтары мықты болып, жақсы білім алып, еліміздің саналы азамат пен азаматша болып, қалыптасуларына тілектестік білдірді.
Атырау Жастар театры «Жаңа жылдық ертегі» қойылымын қойды. Балалар ертегі тамашалап, мәз-майрам болды. Қосарал орта мектебінің 6 сынып оқушысы Темірлан Қабдолов өзінің ыстық лебізін білдіріп, «Алғыс хат» тапсырды. Енді өнерлі балалар аяз атаға бойдағы бар өнерлерін көрсетуге кірісті. Мәселен, Қ.Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебінің оқушылары Фатима Жәнібекқызы мен Дәулет Жалғасұлы карнавалдық вальс билеп, ортаны толтырды.
Сондай-ақ А.Байтұрсынов мектебінің 9 сынып оқушысы Дамира Мақсотова, О.Шонаев атындағы орта мектептің оқушысы Аружан Аюсина жырдан шашу шашты. Аяз ата балалар өнеріне риза болып, сыйға толы қапшығынан сыйлықтар ұсынды. Мұнан әрі барлық балалар қол ұстасып, шыршаны айналып, хороводпен ән айтты.
Шара соңында аудан әкімі естелік кітапшаға өз тілектерін жазды.
А.Қуанышқалиева