«Табиғат аясындағы кітапхана»

Осындай тақырыппен аудандық орталық кітапхана ауласында әдістемелік- кеңес отырысы өтті. Оған аудандық кітапханаға қарасты ауылдық округтердегі кітапханалардың меңгерушілері, кітапханашылары белсене қатысты.

Семинарды аудандық орталық кі т апхана жүйе с і ба сшысы Шынар Измагамбетова ашып, бұл шара тіл мерекесіне байланысты өтіп жатқанын айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Әдістемелік кеңес одан әрі «Кітапханадағы экологиялық білім» атты баяндамаға ұласты. Шынар Орынбайқызы өз баяндама­сында: «Кітапхана-бұл экологиялық білім беруге ғана емес, сонымен қатар тәуелсіз экологиялық білім беру мекемесіне айналуға қабілетті мәдениет саласындағы әмбебап құрылым. Кітапханалар үздіксіз экологиялық білім беруді жүзеге асыруда, оқу процесін қажетті әдебиеттермен қамтамасыз етуде ғылыми зерттеулер жүргізуге көмек көрсетуде. Кітапханалар экологиялық білім беру процесінің белсенді қатысушылары болып та­былады. Кітапхана жұмысы арқылы оқырмандарға экологиялық білім беру кітапхана қызметінің негізгі бағыттарының біріне айналаты­нын атап өткен жөн. Бұл бір реттік іс-шаралар емес, экологиялық проблемалардың барлық аспектілері бойынша жүйелі, тұрақты жұмыс. Халықты экологиялық ағарту ісіндегі кітапханалардың рөлі үнемі артып келеді. Кітапхана қызметкерлері жа­ратылыстану пәндеріне ғана емес, өнерге, адамгершілікке, эстетикаға да сүйене отырып, экологиялық білімге жан-жақты қарау керек екендігін айтқым келеді» - деді.

Шара одан әрі кітапханашы Гүлсім Сұлтанғалиеваның «Жасыл желек, таза ауа және біз» квест ойынына ұласты. Мұнда қатысушылар топқа бөлініп, түрлі экологияға қатысты жағдаяттар, тапсырмалар орын­дап, қызықты ойындарға куә болды. Ал Сарытоғай ауылдық кітапхана меңгерушісі Қарлыға Айдарова «Табиғат–сырлы да қазыналы әлем» кітап көрмесін таныстырғаны көкейге қонымды болды. Ақтоғай ауылдық кітапхана меңгерушісі Гүлжанат Сәбитқызы «Табиғат–ғажап әлем, оқы да үйрен!» тимбилдингіндегі сурет бойынша кітапты табу, «Кім жылдам?» ойындары тартымды шықты. Ақжайық ауылдық кітапхана меңгерушісі Ләззат Қуанқызының «Экология және біз» қызықты логикалық ойыны да ерекше атап өтуге тұрарлықтай.

Семинар соңы Сарытоғай ауылдық кітапханасының меңгерушісі Қарлыға Айдарованың «Табиғат аясындағы тынығу терапиясы» поэзия сағатына ұласты. Табиғат лирикасына байла­нысты ақындар өлеңдерінен шашу шашты.

Үш сағатқа созылған табиғат аясындағы шараны Махамбет орталық кітапханалар жүйесі басшысы Ш.Орынбайқызы қорытындылап, көпшілікке тағылымды, мазмұнды шараларын ұсынған кітапханашылар Қ.Айдарова, Л.Құрақбаева, Г.Наурызова, Г.Сұлтанғалиеваны «Алғыс хатпен» марапаттады.

А.ТЕКЕБАЙ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT