Түсінік жұмыстары жалғасуда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға түзетулер енгізу бойынша республикалық референдум өткізуді ұсынғаны белгілі. Осы орайда  референдумды ауылдық округтер тұрғындарына түсіндіру бойынша жүйелі жұмыстар жалғасуда. Алға ауылдық округі бойынша ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрлан Жұмалиев пен әйелдер кеңесінің төрайымы Назгүл Әбішева ауыл тұрғындарымен кездесті.

Жиында ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрлан Жұмалиев 5 маусымда республикалық референдум өтетінін хабарлап, оның мақсаты саяси, құқықтық жүйемізді жетілдіру, конституциялық реформа жасау екенін ұғындырды. Сонымен қатар ол Конституциялық реформа ел дамуының жаңа кезеңі басталғанын көрсететінін тілге тиек етіп, Конституциядағы 98 баптың 33-і өзгертілетінін атап өтті.

Келесі сөз кезегін алған ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы Назгүл Әбішева констиуциялық өзгерістер мен толықтырулар  азаматтардың өткір де өзекті мәселелерін шешіп, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына тікелей көмектесе отырып, әділетті өмір сүруге мүмкіндік беретінін баса  айтты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT