Референдумға қатысу – баршаға ортақ іс

Республика бойынша өткізілетін референдум төңірегінде халық арасында түсінік жұмыстарын жүргізіп, тұрғындар сауалына жауап беру  мақсатында "Ақжайық" ауылдық мәдениет үйінде ардагерлер ұйымының төрағасы М.Тәжіғалиев пен әйелдер кеңесінің төрайымы С.Қайырова ауыл тұрғындарымен кездесті.

Өздеріңізге мәлім Президент Қ.Тоқаев мемлекеттің ісін барлық өлшем бойынша халықтың өзі айқындайтындай жағдай жасау үшін 5 маусым күні референдум өткізгелі отыр. Бұған дейін Конституция бірнеше рет өзгеріп, парламент арқылы шешіліп келген еді. Енді үлкен өзгерістер болуына байланысты референдум қажет болып отыр. Конституцияның 33 бабына өзгеріс енгізілмек. Халықтың өмірі үшін маңызы зор өзгерістермен қатар, «суперпрезиденттік» басқару үлгісінен мықты парламентке сүйенетін президенттік басқару үлгісі енгізілгелі отыр», - деді кездесудің маңызыдылығына тоқталған ардагерлер ұйымының төрағасы М.Тәжіғалиев.

Әйелдер кеңесінің төрайымы С.Қайырова 5 маусымда өткелі отырған референдум мемлекеттің болашағына әсер ететін, бұдан да жарқын келешектің іргетасын қалайтын аса маңызды күн болғандықтан оған қатысып, дауыс беру – әр азаматтың борышы екенін жеткізді.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT