Тұрғын үй көмегі кімдерге беріледі?

Үкіметтің ұдайы назарындағы мәселенің бірі – халықтың әлеуметтік әлжуаз тобына берілетін тұрғын үй көмегі.

Осынау әлеуметтік көмек «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартын бекіту туралы» ҚР Ұлттық экономика министрінің және ҚР Үкіметінің қаулысы, аудандық мәслихаттың «Махамбет ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы» шешімі негізінде аз қамтылған отбасыларына тағайындалады.Тұрғын үй көмегінің мөлшері меншік иесінің тұрып жатырған тұрғын үй аумағаның әлеуметтік нормасы шегіндегі коммуналды қызметтерді пайдалану шығындары мен отбасының бір айлық орташа табысының бес пайызының айырмасы ретінде белгіленеді.

Егер де жеке меншігіңде біреуден артық тұрғын үйі болып немесе тұрғын үйді қосымша жалға берген тұлғалар болса, олар тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады. Тұрғын үй көмегін есептеу үшін барлық нысанды үйлерде әлеуметтік тұрғын үй нормасы бір адамға пайдалы алаңның -18, көп бөлмелі пәтерлерде тұратын жалғызбасты азаматтар үшін 30 шаршы метрі мөлшерінде бекітіледі. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) немесе сенімхат бойынша оның өкілі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына немесе электронды үкіметтің www.egov.kz веб порталы арқылы өтініш беріп, төмендегі құжаттардың көшірмелерін тапсырады:

- Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін түп-нұсқасы);

- Отбасының кірісін растайтын құжаттар;

- Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарнамалардың мөлшері туралы шоттар;

- Коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;

- Телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек – шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

- Жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.

Тұрғын үй көмегі бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне есеп айырысу кітапшалары мен коммуналдық қызметтерге төленген түбіртектерді алып келуге немесе 2-18-25 байланыс телефоны арқылы түсінік алуға болады.

Г.САХОВА,

аудандық жұмыспен қамту,

әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының орынбасары.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT