Ертегінің мазмұнын түсінуге және кейіпкерлерді атай білуге үйрету мақсатында "Алтын-Ай" бөбекжайының «Құлыншақ» тобында ашық сабақ өткізілді.
Сабақ «қай жануар артық?» тақырыбындағы дидактикалық ойынымен басталды. Бұдан әрі балалардың көптен күткен ертегі кейіпкерлері ортаға шықты. «Түлкі мен қоян» ертегісін тамашалаған соң сүйкімді қоян кейіпкерімен бірге сергіту сәтіне кезек берілді. Бүлдіршіндер қағаз қиындыларынан қоянды құрастыру жөнінде тапсырма алды. Сонымен қатар сабақ соңында суреттер көрсету арқылы сұрақ-жауап ұйымдастырылды. Балаларымыздың ертегі мазмұнын түсініп, үй мен дала жануарларын ажыратумен қатар олардың қимыл-қозғалысын білуге баулитын осындай ашық сабақтар жиі ұйымдастыруымыз қажет деп санаймын.
Кафура ДҮЙІМБАЕВА,
бөбекжай тәрбиешісі.