Су тасқыны кезінде үрейленбеңіз!

Су тасқыны – бұл табиғи апат. Оның барысында адам­дар, жануарлар өліп, ғимараттар мен тұрғын үйлер қиратылады. Су тасқыны кезіндегі қауіпсіздік алдын ала дайындалу арқылы қамтамасыз етіледі.

Су тасқыны мен су басу қаупі туралы дабыл алған кезде:

- суды, газды және электр тоғын өшіріңіз;

- жанып тұрған пешті сөндіріңіз;

- егер уақытыңыз жеткілікті болса үйдің жоғарғы қабатына (шатырға) құнды заттар мен мүліктерді, тұщы су қорын және ұзақ мерзімге сақтауға келетін консервіленген тағамдарды тасып шығарыңыз;

-барлық есік пен терезелерді жабыңыз, қажет болса терезелер сынбас үшін оларды тақтаймен немесе фа­нерамен шегелеп тастаңыз;

- өзіңізбен бірге су өткізбейтін пакетте жеке құжаттар, ақша, бағалы заттар, медициналық қобдиша, мезгілге сай киім мен аяқ киім, үш күндік тамақ (киімдер мен тамақты чемоданға немесе сөмкеге салған жөн) алыңыз;

- қауіпсіз ауданға көшу үшін белгіленген уақытта эвакуациялық жинақтау пунктіне барыңыз.

Кенеттен су басса:

- үрейленбей, сабырлылық танытыңыз;

- тез арада жақын жердегі қауіпсіз, биік жерге шығуға тырысыңыз, сумен сонымен қатар қолда бар жүзу құралдарының көмегімен көшуге тырысыңыз;

- егер бұл мүмкін емес болған жағдайда жоғарғы қабатқа немесе үйдің шатырына шығыңыз;

- су көтерілген жағдайда шатырға, ал су тез көтерілген жағдайда – үй шатырының қырына шығу керек;

- ағаштарға, бағандар мен сенімсіздік тударатын құрылыстарға шығуға болмайды. Олар су тасқынымен қозғалып, құлауы мүмкін;

- құтқарушылардың назарын аудару үшін үнемі апат дабылын беріп отырыңыз; күндізгі уақытта жоғары жерде ақ немесе түсті мата іліңіз, ал түнгі уақытта жарық дабылын беріңіз;

- құтқарушылар келгенге дейін жоғарғы қабатта және биік жерлерде қалыңыз;

Су қайтқаннан кейін:

- үй қирауы қауіпсіздігінің жоқтығына көз жеткізу үшін, үйді мұқият қарап шығу;

- ішкі бөлмелерді жарықтандыру үшін сіріңке не­месе шамдарды қолданудан сақ болу (жарықтандыру үшін электрлі жарық түсіргіштер қолдануға болады);

- үзілген немесе жалғанбаған электрлі сымдардан сақтану;

- есте ұстаңыз, мамандардың электр торабын тек­сергенге дейін электр құралдарын қосуға тыйым са­лынады;

- суда қалып қойған азық-түлікті санитарлы- эпидемиологиялық қызметтің тексеруісіз тамаққа қолдануға тыйым салынады;

- су басқан жерлердегі құдықтарды міндетті түрде дезинфекциялау қажет.

Махамбет аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521