Кезінде аудан экономикасын дамыту үшін аянбай еңбек еткен адамдардың еңбегі зейнеткерлік жасқа шыққанда да еленіп, ескеріліп жатқандығы бір ғанибет емес пе?
Бұл күнде сексеннің сеңгірінен көрінген Махамбет ауданының Құрметті азаматы Мәндірғали Оразғалиұлына қандай құрмет көрсетсе де лайықты. Алдыңғы буын ағалардың осындай ерен еңбегін ескерген аудан әкімдігі ардагермен кездесу жиынын өткізіп, жақсының жақсылығын айтып, нұрын тасытты Аудан әкімі Жәрдемғали Бахуұлы мерейгерді 80 жасқа толуымен қызу құттықтап,иығына зерлі шапан жауып, тілек хатын жолдады. Аудандық мәслихат хатшысы М.Мырзашев, кезінде ауылшаруашылығы саласында бірге жұмыстас болған әріптесі, аудандық мәслихат депутаты А.Құрманбаев т.б. тұстастары, ізін басқан інілері небәрі 32 жасында үлкен шаруашылыққа директор болып, адал еңбегімен абырой биігінен көрінген Мәндірғали Оразғалиұлы өмірінің өздері білетін жарқын беттері туралы айтып өтті.
Мақалдатып сөйлегенде сөздің майын тамызатын Мәндірғали ағамыз да сексенге келдім екен деп іркіліп қалмай, сырларын ақтарды. Өзінің еңбек жолына қысқаша шолу жасап, жақсы адамдармен жолдас болғанын да жасырмады. Облыс әкімі Н.Ноғаев та өзін 80 жасқа толуына байланысты қабылдап, құрмет көрсеткендігіне асқан ризашылық сезімін білдіріп өтті.
Е.ҒАЛИЕВ