Nur Otan партиясының кезектен тыс ХІХ съезі өтіп, онда күн тәртібіне сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті сайлауына партия атынан түсетін кандидатты ұсыну жөнінде мәселе қаралды.
Съезді партия Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев ашып, жүргізіп отырды. Сөз кезегі алдымен партия Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа берілді. Өзінің сөзінде Елбасы Қазақстан жаңа кезеңге қадам басып отырғанын айта келіп, «19 наурызда мен президенттік өкілеттігімді тоқтаттым. Еліміздің жарқын болашағы үшін ойланып, толғанып, осындай оңай емес шешім қабылдадым. Мемлекетті басқаруға басшылардың жаңа буыны келетін заман болды. Уақыт солай, өмір солай. Бұл іс Қазақстанның абыройын арттырып, беделін биіктете түседі деп сенемін. Біздің қазіргі шешіміміз соған қолдау көрсетіп, жағдай жасайтын болады», деді.
Одан әрі Елбасы ауыр дағдарыс жағдайында басталған тәуелсіз Қазақстанды қалыптастыру жолы оңай болмағанын еске салды.
– Маған өз халқыммен бірге тәуелсіз Қазақстанды құру мәртебесі бұйырғанын мақтан тұтамын. Қиын заманға қарамастан халқым менің бастамаларыма әрдайым қолдау көрсетті. Соның арқасында біз барлық нәтижеге қол жеткіздік. Мен еліміздің халқына ризашылығымды білдіремін, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.
Материалыдң толық нұсқасын газеттен оқи аласыздар