Орман-тоғайды өрттен қорғайық!

Жаз айларында орман-тоғайда, кең өлкеміздің табиғаттында өрттің шығуы жиі кездеседі. Кейбір адамдар мал жайылымын тазартамыз деп шөпті өртейді.

Осындай жағдайлар салдарынан өрт жүздеген, мыңдаған гектарға жетеді. Сондықтан әрбір адамзат өрт қауіптілігі ережелерін сақтап, табиғат байлықтарын қорғау жолында күресу керек. Орман өртінің пайда болуының 90 пайызына адамдар кінәлі. Орман тоғайда өртке қарсы ережелерді білмеуінен немесе білсе де қауіпсіздікті сақтамауынан, демалушылардан кейін өшірмей қалған от алауларынан болады. Қурап тұрған шөп тез тұтанып, үлкен өртке айналады. Оны дер кезінде өшіріп үлгермесеңіз, қас-қағым сәтте үлкен алқап жанып кетеді.

Орман алқаптарында болған өртке өрт сөндірушілер келіп өшірмесе, табиғатқа, халық шаруашылығына миллиондаған шығын келеді. Өртенген ағаштарды қалпына келтіру үшін ондаған жылдар кетеді. Ал жасыл желектің адам өміріне берер пайдасы өте көп. Әдемі табиғатымыз өрттің құрбаны болмасын десек, әрбір адам өрт қауіпсіздігін сақтап және оны өзгелерге насихаттау ортақ парызымыз екенін ұмытпайық.

Р.САЛИХОВ,

аудандық №4 ӨСБ ГТҚҚ аға шебері, азаматтық қорғау старшинасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT