Сарытоғайлық Айсағалиевтардың қашықтықтан оқыту сабақтары қалай өтуде?(+видео)

Ел аумағында енгізілген Төтенше жағдайға байланысты 2020 жылдың 6 сәуірінен бастап білім беру қызметкерлері оқушыларды қашықтықтан оқытуға кірісіп кетті.

Сонымен қатар, мұғалімдер де өз балаларына осы тұрғыдан қолдау көрсетуде.

Солардың бірі Сарытоғай ауылындағы Қ.Қалыбеков орта мектебінің ата-аналары Айсағалиев Берік пен Гарипова Назгүлдің отбасылары. Бұл жанұяда 6 ұл бала бар екен.

b

Бас көтерген тұңғышы Еламан политехникалық колледждің І курс студенті,7 сыныпта Бердіғұл,6 сынып Ерасыл, 1 сынып Бекарыс,мектеп алды дайындықта Бақдәулет және соңғысы Абдурахман балабақшаның тәрбиеленушісі.

«Бастапқыда онлайн «Zoom» бағдарламасымен оқытқанда қиыншылықтар болды.Себебі, қашықтықтан оқытуда барлығы бірдей әлеуметтік желіде бір мезгілде кіргенде кедергілер де кездесті. Сол уақытта өзім «қазақтелекомға барып, тағы 2 қосымша қалталы телефон алып, 3 уайфайды қосып, жан-жақта бөлмелерге бөлініп,жұмыс жасап, кедергілерді жеңуге тырыстық. Одан қалса әрқайысын бөлмелерге бөліп, әсіресе балабақшаға баратын ұлым түсінбейді, оған теледидардағы «Балапан» арнасын қосып беремін.Балаларымды әр бөлмеге бөліп, өзіме бөлек бөлме,мектептегідей дайындадым.Өзім ағылшын тілінің мұғалімімін.Одан кейін ватсаппен оқуға көшкесін жеңілденіп,тапсырмаларын өз беттерімен дайындауға көшіп, балаларым төселіп қалды. Өзім де оқушыларымды қашықтықтан ватсап,телеграмм,білім лантпен оқытамын. Жолдасым Теңіз кенішінде вахталық жұмыста, карантинге байланысты жұмысында 90 күнге қалды. Өзім осы жағдайға түсіністікпен қарап,жұмыстанып жатырмыз.

Көпбалалы ана ретінде 2014 жылы әкімдікке арыз берген болатынмын. Өткен жылдың желтоқсан айында «Күміс алқа» иегері ретінде 5 бөлмелі пәтерге ие болған едік. Енді соның игілігін көріп,көп бөлмелерінің арқасында балаларымның жағдайын жасауға мүмкіншілігім туып жатыр» дейді бізбен әңгімесінде Назгүл.

Әрине, оқушының алдында тұрып сабақ берген мен қашықтан оқытқан екі бөлек дүние.

Дегенмен, мынандай ауыр шақта бала білімсіз қалмауы керек, оқуы тиіс. Баланы босаңсытпау керек.

Әрі ана, әрі мұғалім ретінде кедергілерге мойымай, қиыншылықтарды жеңуге тырысып, бала оқытып отырған көпбалалы Айсағалиевтар отбасының отанасы Назгүл қашықтықтан оқыту әдісін осылай меңгеруде.

Кенжегүл САПАРҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT