Сарайшықтан табылған жәдігерлер

ХАН ОРДАЛЫ САРАЙШЫҚ ҚАЛАШЫҒЫНДА МЫС ЖӘНЕ КҮМІС ТЕҢГЕЛЕР КӨМБЕСІ ТАБЫЛДЫ Бұл туралы, археолог Амангелді Зайнов мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен, Мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқармасы, Тарих-мәдени мұраны зерттеу орталығының тапсырысы бойынша, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің мамандары ортағасырлық Сарайшық қаласына археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді. Аталған жұмыстар кезінде көлемі 600 шаршы метр, тереңдегі 2 метр жер зерттелді. Нәтижесінде, ортағасырлық қаланың тұрғын жайлары, кәріз жүйесі, керамикалық ыдыстар, моншақтар, диірмен тастар, өңделген сүйектер, ұршықтың тастары, қайрақ тастар, темір бұйым фрагменттері, тұрғын үйлердің жылу жүйесі табылды. - Орта ғасырдағы Сарайшық бойынша жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары осы жылдың 15-маусымында басталған болатын. Міне, берілген бір ай уақыт ішінде жоспарланған жұмыс аяқталып отыр. Бұл күміс тиындар ХІV ғасырдың екінші жартысына сәйкес келеді. Яғни, алтын ордалық Жәнібек, Азиз-Шейх хандардың тұсында соғылған. Сонымен қатар, мыс тиындар мен көптеген ыдыстардың қалдықтары анықталды, деді А.Зайнов.

s

s

Оның айтуынша, қазба жұмыстары кезінде ХІV ғ. ІІ жартысы, Алтын Орда дәуіріне сәйкес келетін 200 данаға жуық күміс тиындардың көмбесі анықталды. Бұл жәдігерлер Алтын Орда хандары Жәнібек және Азиз-Шейх хандарға тиесілі. Күміс тиындар көмбесінен басқа 50-ге жуық мыс тиындар табылып отыр. Сондай-ақ, тұрмыстық қалдықтардан үй жануарларының сүйектері, балық қалдықтары анықталған. Қазба жұмысында айқындалған артефактілердің нақты ақпараты лабараториялық зерттеулерден кейін белгілі болады. Айта кетейік, көне Сарайшықтан бұған дейін де талай құнды жәдігерлер табылған болатын.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT