Өрт қауіпсіздігін сақтаңыз!

Өрт - үй мүлкін жойып, мемлекетке және меншік иелеріне материалдық залал келтіретін «тілсіз жау» екені анық. Жалпы өрт қауіпсіздік ережелерін қарапайым әр адам орындай алады.

Оларды сақтасаңыз мүлкіңіз бен үйіңізді аман алып қаласыз.

Тұрмыста өрттердің алдын-алу мақсатында келесі ережелерді сақтаңыз:

- балалардың отпен ойнауына жол бермеңіз;

- газ және электр тұрмыстық құралдарын қосылған қалпында қараусыз қалдырмаңыз

- қолдан жасалған электр құралдарын қолданбаңыз.

Егер пәтер ішінде газ иісі шыққанын сезсеңіз:

- газ крандарын жабыңыз; - электр жарығы мен құралдарын қоспаңыз;

- ашық отты қолданбаңыз ( жарылыс болуы мүмкін);

- бөлмені желдетіңіз және апаттық қызметті «101» телефоны арқылы шақыртыңыз;

- ескі электр сымдарын қолдануға жол бермеңіз, оларды шегеге ілмеңіз және түсқағазбен жапсырып тастамаңыз;

- «жучок» атты электр сақтандырғыштарын қолданбаңыз;

- зақымдалған электр розеткалары, вилка, рубильниктері және т.б.қолданбаңыз;

- қоқыс құбырына сөнбеген сіріңке, темекі қалдықтарын тастамаңыз;

- тұрғын үйлердің жертөлелерінде мотоцикл, мопед, мотороллер, жанар-жағар- май, бензин, лак, сырларды және т.б..

Тұрғын үйлер мен жатақханалардағы өрт қауіпсіздік шаралары.Тұрғын үйлерде, қора қопсыларда, жеке көлікжайларда, жатақханалардағы өрттер көбінесе (темекі шегу, сіреңке, алау, қыздыру лампаларын қолдану), жылыту, электр жылыту құралдары, электр құралдарын қолдану барысында отпен абайсыз болудан туындайды. Өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау Сіздің және маңайыңыздағы адамдар қауіпсіздігінің кепілі болып табылады.

Өрт туындаған жағдайда, дереу «101» телефоны арқылы өртке қарсы қызметіне хабарлаңыз, нақты мекен-жай мен өрттің туындаған орнын атаңыз.

А.КАБИКЕНОВ,

аудандық 4 ӨСБ қарауыл бастығы азаматтық қорғау аға лейтенанты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521