Махамбеттік балғын спортшылар түрлі додада жоғары көрсеткіш көрсетіп келеді. Жуырда Жамбыл облысы Қаратау қаласында өткен республикалық турнирде бақ сынап, аудан намысын абыроймен қорғай білді.
Талас ауданының Құрметті азаматы Кеңесхан Ахаевты еске алуға арналған футболдан 2012-2013, 2014-2015 жылы туған жасөспірімдер арасында өткен республикалық жарысқа «БЖСМ №11» (Сырдария ), «БЖСМ №32» (Жамбыл), Байзақ ауданы «ALATAU FC 2013», «LION» (Қаратау) командаларымен қатар ауданымыздың спорт мектебінің футбол бөлімінің тәрбиеленушілері қатысты.
Айналмалы жүйеде ұйымдастырылған спорт бәсекесінің қорытындысында аудан футболшылары төрт ойында жеңіске жетіп, бір ойында ұтылып, жүлделі ІІ орынды қанжығалады. Команда ойыншысы Санжар Елубай республикалық турнирдің «Үздік жартылай қорғаушысы» атанды. Футболшыларды дайындаған жаттықтырушылар – А.Идрисов, Д.Ғабдолажан, А.Алдешов және Ш.Нұрмұханбетов.
Қ.АЙТҚАЛИЕВ