Райса Жұмағалиева – қорғаныс саласының қайсар қызметкері

Әскери саладағы қыз-келіншектер халықаралық арена- да еліміздің имиджі мен беделін нығайтуға өз үлестерін қосып келеді. Қорғаныс саласында көп жылдан бері ер азаматтармен иық тіресіп, еңбек етіп жүрген жанның бірі – Райса Жумагалиева.

Райса Халыққызы аудандық қорғаныс саласында 1994 жылдан бері еңбек етіп келеді. Ол – Махамбет ауылының тумасы. О.Шонаев мектебінде білім алып, 1986 жылы 9-сыныпты бітірген соң Атырау қаласындағы №101 кәсіптік-техникалық училищені, 2006 жылы Орта Азия университетінің қаржы бөлімін тәмамдаған.

Сонау 1994 жылы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жұмысқа орналасып, сол жылдан бері бөлімде әскерге шақыру бөлімшесінің инспекторы қызметін абы[1]роймен атқарып келеді. Отбасында бір қыз тәрбиелеп отырған бақытты ана.

Ол – өз саласының білгірі, жұмысында алғыр, ыждағатты, ісіне тыңғылықты, мұқият жан. Жұмысты сапалы жүргізу ісіндегі еңбегін әріптестері жоғары бағалайды. Ұжымда сыйлы, еңбекқор, мықты тәлімгер деп білеміз. Әскери саланың қадір-қасиетін болашақ сарбаздарға түсіндіріп, әскери қызметтің имиджін көтеруде өзіндік үлесін қосып жүр. Отыз жылға жуық осы қорғаныс істері саласындағы абыройлы, адал еңбегі үшін ол кісіні қатты бағалаймыз.

Е.АЙТЖАНОВ,

аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, подполковник

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521