Әр теңге - халық игілігіне

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында салықтан түскен әр теңге халықтың игілігіне жұмсалуы тиіс екенін атап өтіп, мемлекеттік қаражаттың тиімді әрі ашық жұмсалуына ерекше назар аударды.

Бұл үндеу – барша қазақстандықтар үшін зор маңызы бар бағыт. Себебі, әрбір азамат мемлекетке төлеген салығының нәтижесін өз өмірінен, тұрмыс сапасынан, әлеуметтік қолдаулардан, сапалы қызмет көрсетуден көруі керек. Инфрақұрылымның дамуы, жолдардың жөнделуі, жаңа нысандардың бой көтеруі, халыққа арналған мемлекеттік қолдау шаралары – осының барлығы ел қаржысының игілікті жұмсалуының айқын көрінісі.

Аудан деңгейінде де осы бағыттағы жұмыстар жүйелі жүргізіліп келеді. Бюджет қаражатының ашықтығын қамтамасыз ету, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін ескеру, әлеуметтік нысандар салу, ауылдық жерлердің инфрақұрылымын жаңарту – жергілікті биліктің басты міндеттерінің бірі болып отыр.

Президент Жолдауы – елімізді әділетті, ашық және жауапты басқару жүйесіне жетелейтін бағдаршам іспетті. Онда көтерілген бастамалар ел болашағын айқындап, қоғамдағы сенімді нығайтады.

С.Жайлашев,

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT