Қыс мезгіліндегі сақтық шаралары.
Қазір қыстың нағыз ортасы. Жайық өзенінің суы қатып, мұзға айналған кез. Ал осы мезгілде төнген қатер көп. Өйткені мұз өзінің салмағымен төмен басылып, жарылады. Осы жарықтардан су кіріп, мұз шайылып жұқарады. Мұндай мұздың үстіне шығу өте қауіпті.
Бірақ балалар осыны ескермей, мұз үстінен шығып, хоккей т.б ойындармен ойнайды, тік жарлардан шанамен сырғанайды. Осы орайда, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері ата-аналардан балаларын байқаусыз қалдырмауын, мұз үстінде балалардың ойын ойнауына тыйым салуын, өте абай болуын сұраймыз.
Үлкендер де кейде ауа-райының қолайсыздығына қарамай өздерінің көліктерімен балық аулауға немесе аң аулауға жолсыз жерлерге жолға шығып, адасып жатады. Қысқы балық аулау кезінде балықшыларға мұз үстінде өте абай болуларын ескертеміз!
Қазіргі уақытта аяздың түсуімен, қысқы балық аулауды жақсы көретіндер мұзға шығады. Мұз үстіне шыққанда, оны аяқпен тексермей, басқа қатты нәрселермен тексеру керек. Мұзды соғып көріп, ондағы пайда болған суреттің қандай болатындығын байқау керек. Егер сызаттар дөңгеленіп түссе, онда мұз жақсы, шығуға болады. Егер сызаттар сәулеленіп түссе, онда бұл өте қауіпті болады.
Төтенше жағдайларды алдын алу және адам шығынын болдырмау мақсатында төмендегі жағдайларды және ережелерді ескергеніңіз жөн.
- өзен құйылыстарымен ағынды суларда мұз осал, ағысты қатты жерлерде, ағаш, қамыс, бұталар өскен су аймақтарында мұз өте әлсіз болады.
Мұздың қатқанын қалай анықтауға болады?
түсі көгілдір мұз-қатты. ақ түсті болса сапасы өте төмен;
егер сұр, ақшыл немесе сарғылт түсті мұз болса ол әлсіз, мұндайда мұзға шығу өте қауіпті.
Егер суық суға абайсыз түсіп кетсеңіз не істеу керек?
- сасқалақтамаңыз, шұғыл қимылдар жасамаңыз, бірқалыпты демалыңыз;
- қолыңызды жазып, денеңізді ағыс бағытына тіке қойып, мұздан ұстауға тырысыңыз;
- ақырындап кеудеңізді мұз үстіне шығарып, мұз үстіне шыққаннан кейін жағаға қарай еңбектеңіз;
Егер сіздің көмегіңіз керек болса:
- кез келген ұзын таяқша, тақтайша, шыбық, жіпті қолданыңыз (шарфтарды, белбеулерді, керек жағдайда киімдерді байлап қолдануға болады);
- аяқпен қолды жан-жаққа созып, құтқару құралдарын алдынан итере отырып, мұз ойығына қарай еңбектеңіз;
- зардап шегушіні абайлап мұз үстіне шығарыңыз және қауіпті аймақтан бірге еңбектей отырып, келген жаққа қарай апарыңыз;
Зардап шеккен адамды жылы жерге әкеліп, су киімдерін шешіп, спирт жағып, қолыңызбен денесін тез шапшаң қимылмен уқалап, ыстық шай беріңіз.
А.МЕДЕТОВА,
аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы
Сурет:дереккөз