Жыл сайын елімізде 19 қаңтар – православие христиандарының «Крещение господне» діни мерекесі аталып өтіледі.
Бұл күні су айдындарында мұзда арнайы дайындалған ойықтарда адамдар жиналып, суға түседі. Ауданда мамандардың тексеруімен Жайық өзені бойындағы бұрынғы саябақ тұсында адамдар суға түсетін арнайы орын анықталып, дайындалып қойылды.
Осыған орай азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сақтық шаралары мен арнайы қауіпсіздік ережелері назардан тыс қалмады. Дайындалған үкінің тұсында құтқару қызметтерінің өкілдері, медицина қызметкерлері болды.
- Крещение Сочельнигінде православ христиандары крест түріндегі арнайы дайындалған ойықтар маңайына жиналып, суға шомылады. Сол арқылы рухани тазарады деген сенім бар. Биыл былтырдан қарағанда суға түсушілер саны аз, небәрі 10 адам. Мүмкін пандемия өршіп тұрғанда сақтанатын да шығар. Халықтың басым көпшілігі ыдыспен су алушылар, - деді аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру, жұмылдыру дайындығы және мемлекеттік қызмет сапасын бақылау бөлімінің бас маманы Н.Бердіғалиев.
К.САПАРҚЫЗЫ