«Құқықтық тәртіп» жедел шарасы өтуде

Ауданда «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Ауданында "Құқықтық тәртіп" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Құқықтық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстардың алдын алу және жолын кесу мақсатында ағымдағы жылдың 27-29 сәуір айы аралығында "Құқықтық тәртіп" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Шараға бөлімнің барлық жеке құрамы күшейтілген бағытта жұмылдырылды.

Негізгі мақсаты - қоғамдық тәртіпті тиісті деңгейде қамтамасыз етуде қоғамдық орындарда, көшелерде және басқа да орындарда қылмыстарды ескерту және жолын кесу, қоғамдық көлік және такси жүргізушілері жол беретін жол жүрісі қағидасын бұзушыларды анықтау, жолын кесу, жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру және жол-көлік оқиғаларының санын төмендету болып табылады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT