«Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісін иеленді

Жыл соңында ел намысын қорғап жүрген бір топ спортшыларды облыстық әкімдікте марапаттаған болатын.

Соның ішінде Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің сектор меңгерушісі Ержан Андашевқа Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісі табыс етілді.

k

- Спорт саласында еңбек жолымды 1981 жылы бастадым. Осы жылдар ішінде спорт саласында көптеген өзгерістер болды. Ауданымыздан түрлі республика, әлем чемпиондары, спорт шеберлері шықты. Бұл тек менің ғана емес, аудандағы барша спорт саласында еңбек етіп жүрген бапкерлердің де еңбегі деп білемін. Бұқаралық спортты дамыту мақсатында спорт алаңдары салынды, жаңғыртылды, әлі де салынуда. Ауыл спортын дамытуға қосқан еңбегімді бағалап, марапаттап жатқандарына шын ниетіммен ризамын, - дейді Ержан Андашев.

К.САПАР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз