«Әлеуметтік еңбек саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды

Еңбек иелері еленген күн.

Мереке қарсаңында аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал- актілерін тіркеу бөлімі басшысының орынбасары Алия Сейлова Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Әлеуметтік еңбек саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

medal050121

- Саналы ғұмырын әлеуметтің әлеуеті үшін арнаған жандар қандай құрметке де лайық деп есептеймін. Өзімнің де бұл салада табан аудармастан еңбек етіп келе жатқаныма 25 жылға жуықтады. Осы уақыт аралығында сала мың құбылып, түрлі қиындықтарға тап келсе де өзімнің қызметіме адалдық танытып, өзге салаға ауыспадым. Қатардағы маманнан бастап басшылық лауазымдарды атқардым. Көзге көрінбейтін еңбек иелерін елеп, марапатпен мерейлерін өсіріп жатқандарға айтар алғысым шексіз,-дейді А.Сәрсенбайқызы.

«Жайық-Ақпарат»

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT