Қоғамдық орында былапыт сөйлегені үшін айыппұл тағайындалды

Қоғамдық орында абайлап сөйлеңіз.

Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде азамат А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Іс-құжаттарында, құқық бұзушы А. өзінің танысы жәбірленуші Л-ны боқтап балағаттап, ар намысына тиетін сөздер айтып, яғни қоғамдық орында былапыт сөйлеп, айналасына сыйламаушылық білдіріп, ұсақ бұзақылық жасаған.

Сот отырысында «WhatsApp»-желісі арқылы байланысқа шыққан А. өзінің кінәсін мойындап, жасаған іс-әрекетіне өкінетінін, алдағы уақытта қайталамайтыны туралы жауап берсе, жәбірленуші Л. өз айғағында құқық бұзушы А-ға кешірім беретінін айтып көрсеткен.

Сот қаулысымен Қазақстан Республикасының Кодексінің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны бойынша А. кінәлі деп танылып, оған 9 723 теңге айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Аудандық соттың баспасөз қызметі

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз