Қоғам мен билік арасындағы алтын көпір

Қазіргі таңда тәуелсіз елімізге қызмет етемін деген әрбір азамат, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер «мен мемлекет болашағы үшін не істей аламын, қоғамға не бере аламын?» деген ұстанымда болуы қажет деп білемін.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев өз Жолдауында: «Біз – «халық үніне құлақ асатын мемлекет» құруды қолға алдық. Бұған дейін айтқанымдай,бұл мемлекеттік органдар тек азаматтардың күнделікті мәселесіне байланысты жауап қатуы тиіс деген сөз емес. Бұл ең алдымен билік пен қоғам арасындағы диалог» деп атап өтті.

Халықпен қарым-қатынаста ашықтық пен әділдікті ту етуге, «бір терезе» қағидатын ұстануға бағытталуы тиіс. Өйткені, күнделікті мемлекеттік қызметтерді алу барысында немесе өтінішпен жүгінген жағдайда да болсын сауатты, сапалы ақпарат алу – кез келген азаматтың құқығы. Ал сол азаматтың мәселесінің шешілуіне жәрдемдесу – баршамыздың ортақ міндетіміз. Сол себепті бүгінгі күнгі мемлекеттік қызметтің басты қағидаттары ашықтық, нәтижелілік, парасаттылық болуы тиіс.

Жалпы алғанда мемлекеттік қызметшілер – мемлекеттік саясатты қалтқысыз жүзеге асыратын, мемлекет және халық тарапынан сенім білдірілген, заңмен үлкен жауапкершілік артылған тұлғалар. Сондықтан да әрбір мемлекеттік қызметші өзінің жай қызметкер емес, қоғам мен билік арасындағы алтын көпір екенін сезіне білуі қажет.

Гаухар МҰХТАРОВА,

аудандық әкім аппаратының жалпы және қаржылық шаруашылық

бөлімінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT