Қарты бар үйдің қазынасы бар

Жақында Талдыкөл орта мектебінде «Қарттарын қадірлеген ел құрметті» атты кездесу кеші ұйымдастырылды.

Оны 8-10 сынып жетекшілері А.Кайдарова, Ұ.Бөтпенова өткізді. Бұл кешке өз ойымен бөлісіп, ақыл-кеңесін айтуға қонаққа ауылымыздың зейнеткер аталары мен ақ жаулықты аналарымыз келді.

t

Кеш қонақтарына арнап, оқушылар өз өнерлерін көрсетуден аянбады. Тәрбиелік мәні бар «Қызым саған айтам, келінім сен тыңда!» атты қойылым кештің сәнін кіргізді. Кездесуге келген қариялар мен ардагер ұстазымыз А.Сырлыбаева да өз ойларын ортаға салды.

taldyk

Мектебіміздің кәсіподақ ұйымының төрайымы Г.Хайруллақызы қарттар мерекесімен құттықтай отырып, кәсіподақ ұйымының атынан сыйлықтар табыстады. Кеш соңында қонағымыз Отарғали аға оқушыларға арнап бата берді.

Қарт кісіні құт-береке деп танысақ, ол ұрпақ көрегендігі демекші, ұрпағымыз қарттарымызды қадірлеуді ұмытпай, әрқашан аялы алақандарына салып, бар жылуды аямай мәпелесе дейміз.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз