Қаламен теңескен «Есмахан»

Газы бар үйдің жарты бақыты бар.

Бақсай ауылдық округіне қарасты "Есмахан" ауылы округ орталығы Таңдайдан он-он бір шақырым шамасында. Бұрыңғылар «Боқсақ» деп атап кеткен,қазіргі «Бақсай» каналының иінінен орын тепкен бұл ауылдың тарихы тіптен әріден басталады,- дейді көнекөздер. Дегенмен «Есмаханның» ес жиып,ауыл атануы сонау елуінші жылдардың екінші жартысы болса керек.Осы ауыл облыста алғашқылардың бірі болып құрылған «Бақсай» кеңшарының №3 қой өсірушілер фермасының орталығы болды. Ауыл туралы оның арғы-бергі тарихы сөз бола қалғанда Қонай Нығыметовтің аты аталмай қалмайды. Қонай қартты көбі біледі.Ол 1928 жылы туған,нағыз қара шаруаның өзі еді.

Айналасындағы адамдармен тіл табысқыш,бір нәрсеге келгенде ұйымдастыра кететін қабілеті бар азамат осы фермада жігіт шағынан зейнеткерлікке шыққанынша ферма басқарушысы болып жұмыс жасады. Шомбал денелі, жылдамдау сөйлейтін, шалт қимылдайтын,сөз арасында «айналайыны» көптеу осы Қонекең бүкіл Есмаханның әкесіндей болды десек, артық айтпағандығымыз болар. Кезінде «Ферма басқарасың, орталығын өзің таңда» деп кеңшар директоры Қонекеңді қасына бірер маманды ертіп «Есмахан» деп аталатын қыстақ орнына қарай жіберсе керек. Ферма орталығы етіп қай жерді белгілегеніміз дұрыс дей келе әрлі-берлі жер аралап көріп барып, әйтеуір «Боқсақтың» боз қамысы бойдан асатын осы бір тұсына тоқталыпты. Марқұм Қонекеңнің қасынан бойлай Досжанов Төлеген деген Ұлы Отан соғысына қатысқан азаматты жиі көруге болар еді. Төкеңнің атқаратын қызметі-ферманың аға жұмысшылығы. «Аға жұмысшы» дегеніңіздің араласпайтыны жоқ.Малдың шөбі-жемі де, қора-қопсыға қажетті құрылыс материалдары да, малшы-шопандар үшін керек-жарақ та осы Төкеңнің көзінен таса болып көрген емес. Қысқасы Қонекең екеуіне демалыста Таңдайдағы интернаттан ауыл балаларын әкеліп,апарудан бастап,дүкенген керек-жарақты толтырттырып қоюға дейіннің бәрі соғатын.Сонда бұл екеуі ауылға әкедей болмағанда кім болғаны?

t

Ең бастысы ауылда ұрыс-керіс,дау-дамай жоқ,бәрі үлкендерге бағынатын еді.Содан бері қаншама су ақты. «Есмахан» кәдімгідей ес жиды,ақ шаңқан үйлер сап түзеді. Ауыл маңынан қозы соятын пункт салынды. Шағын клуб,фельдшерлік акушерлік пункт,аралас дүкен дейсіз бе әйтеуір мектеп пен балабақшадан басқа адамдарға керекті нүктелер осында болды. Ферма орталығы болған соң мұнда тракторлар мен ауылшаруашылығы машиналары шоғырландырылды. Әйтеуір қайнаған еңбектің ортасына айналған ауыл болатын. Кеңшар орталығы Таңдаймен байланыс үзілмейтін. Мектеп оқушылары Таңдайда интернатта жатып оқыды. Осы «Есмаханымыз» 90-жылдары шаруашылықтың шаруасы шатқаяқтаған тұста бұрынғы әсем келбетінен де, күнделікті тынымсыз тіршілігінен де ажырап қалғандай болды. Кеңшар тарап, қаракүл қойларынан айырылды.Тек әйтеуір ауыл адамдары өздерінің азын-аулақ малдарын қолдарында әзер ұстап қалды. Ауылдастардың бәрі де біріне-бірі ағайын,болмаса әуелден аралас-құралас өскендер еді. Кеңшар тараған соң жұмыссыз қалған ауыл жастарына қиындау соқты,қайсыбіреулері қалаға кетуді жөн санады. Бірақ есмахандықтар кеңшардың анау «Томан», «Көздіқара» секілді фермаларындағыдай емес қалаға үдере көшкен жоқ. Кезінде қой малын өз төлі есебінен өсірудегі еңбегі үшін Ленин орденін алған Төлеуғали Сатаев о дүниелік болғанынша осы жерде тұрды. «Бұл жерден кетуге болмайды. Айналамыз мал бағуға қолайлы., су да қысы-жазы жеткілікті» дейтін үлкендер.Тұрақтап қалған ауыл адамдары :«Басқалар секілді газдың да игілігін көре алмадық-ау» деп армандайтын. Ауылда жиын-жиналыс бола қалса ең алдымен айтатындары осы табиғи газдың керектігі болды да тұрды,талай жерге арыз-өтініштер де жазылды.Мінеки, газ тарту мәселесі өтіп бара жатырған 2020 жылдың жазынан-ақ шешілетіндей болды. Алдымен Таңдайға келіп тұрған орта қысымдағы желіні жүргізу ісі қолға алынды.Орта жолда үш-төрт үй тұратын «Бурабай» ауылы,болмаса қысы-жазы көкөніс өсіріп отырған жылыжайы бар шаруа қожалығы, одан әріректе өзек бойындағы Жұмағазиев шаруа қожалығы бар. Желі бойынан оларға да шүмектер орнатып кету керек. Желіні жүргізу ісін ақтөбелік газшілер тез арада атқарып,әр үйдің іргесіне дейін газ шлангісін қылтитып шығарып берді.

«Есмахандықтар» әуелден де ұйымшыл.Мұнда қандай жиын болса да жылдам бас қоса қояды,көтеретін мәселелерін да уласып-шуласпай ,байсалды жеткізе біледі.Бұл да болса үлкендерің алдын көргендік пе деп ойлайсың.2017 жылы осы «Есмахан» ауылының күнін өткізу қолға алынғанда ауыл жігіттері мен келін-кепшіктер қуана келісіп,үлкен шараны кереметтей етіп өткеріп еді. Тіпті келер жылы «Наурыз» мерекесін округ орталығына ақшаңқан киіз үйлерін әкеліп тігіп ұйымдастырып, өткізулерінің өзі неге тұрады. Жандарбек Қойбақов,Артық Құмаров,Нұржан Дощатов,Әли Тәменов, Дәулет Махамбетов,Асхат Қарпашевтардың қай шаруаға да бел шешіп кірісіп кететіндіктерін айтсайшы. Бірінің сөзін бірі тыңдап,бірінен бірі іліп алып кетіп жатанына сүйсінесің.Осы жігіттердің келіншектері де ас-су дайындауға сайма-сай,елгезек те ибалы жандар.Биылғы күздің алдында бұл ауылдағылар қайткенде де пәтерлерінің сызбаларын,табиғи газ жүгізудің бүкіл құжаттарын жасақтап,газ қазандықтарын алып,жылу батереяларын жүргізіп,қыруар шаруаны атқарды. «Есмахандағы» Қойбақов Жандарбектің, Дощатов Тұрсынның жаңадан салған үйлерінің іші кірсе шыққысыз. Құдықтағы су насос арқылы келеді,жуынатын,шәйынатыны тіпті дәретханасына дейін іште,кәдімгі қаладағыдай. Күні бүгінге «Есмаханда» 14 үйге, Бисенбай Есентеміровтың «Ислам» шаруа қожалығына табиғи газ желісі тартылғанын тек үш үй қалғанын аудандық газ шаруашылығы мекемесінің Таңдайдағы өкілі Ғұднан Нұрғалиев айтты. Алдағы уақытта «Қуатов», «Айсұлтан» шаруа қожалықтары, «Жанкелді» елді мекенінің тұрғындары да табиғи газ желісінің игілігін пайдаланатын болады,-деп қосып қойды ол өз сөзіне.

-Қазір өз бюджетімізге өзіміз қожа болатындай жағдайға жеттік қой. Алдағы жылы осы «Есмаханға» жазы су құбырын жүргізіп берсек дейміз.Мұндағы жарық мәселесі шешілген,-деп көңіл тоғайғандықпен айтады ауыл әкімі Қайыржан Мәжиев те.

Талай ауылға әкім болып ысылған Қайрекеңді есмахандықтар жаман көрмейді. «Болса ғой әкімдердің бәрі осындай» деп қояды әзілмен.

-Айналайын,Қалышжан,газыңды азайтып қоймасаң үй ысып кетер,-дер жатыр келініне Жамал апай. Оған көршілес Тұрсын Дощатов болса баяғы әзілінен қалмай «Біз Есмахан қаласында тұрамыз»-,деп күлім қағады. Мінеки, газы бар үйдің жарты бақыты бар дейтініміз осы.

Қадыржан ҚАЗЫМБЕКҰЛЫ,

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT