Қадірменді тыл ардагерлері!

Баршаңызды 7 мамыр «Отан қорғаушылар күні» және 9 мамыр – Ұлы Жеңістің 75 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз!

Отан қорғаушылар күні - Отанға деген сүйіспеншілікті, тарихи құндылықтарды құрметтейтін, ерлік пен жауынгерлік рухтың мерекесі.

Ұлы Жеңіс күні аға буын ұрпақтың, біздердің әкелеріміз бен аналарымыздың биік рухын, ерлігі мен қаһармандығын әлемге паш еткен қастерлі күн. Қаһарман қайсарлықтың хас үлгісін көрсеткен жалынды жігерлердің жемісі.

Қазіргі таңда, өкінішке орай ауданымызда Ұлы Отан соғысы ардагерлері жоқ, алайда жеңіс туын жақындату үшін аянбай еңбек еткен 149 тыл ардагерлері бар. Ендігі құрметіміз осы тыл ардагерлеріне арналатын болады.

Қазақстандықтардың ішінен 500-ден астам Кеңес Одағының Батыры шықса, олардың ішінде біздің жерлесіміз Георгий Канцев та бар. Аудан орталығында Кеңес Одағының Батыры Г.Канцевтың атында парк бар. Жыл сайын батырымызға тағзым етіп, гүл шоғын қойып келеміз.

Өкінішке орай, биылғы атаулы мерекемізді еліміздегі төтенше жағдайға байланысты үрдіс бойынша атап өту мүмкіндігі болмай отыр. Ал, біз үшін ең басты құндылық - ол халқымыздың денсаулығы.

Сондықтан да, құрметті аудан тұрғындары! Қадірлі тыл ардагерлері!

Жыл өткен сайын біздің ардагерлеріміз жасаған ерліктің даңқы сөнбейді. Уақыт бізден бұл оқиғаны алыстатқан сайын, жарқын болашақ үшін қасқайып тұра білген Жеңіс солдаттары атқарған тарихи миссияның мән-маңызы да соғұрлым жарқырай бермек.

Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында Отан қорғаушылар күні салтанатпен аталып өтілуінде ұрпақтар сабақтастығының үлкен мәні бар. Кейінгі ұрпақ ағалары мен аталарының, апаларының ерлік отансүйгіштік дәстүрін лайықты жалғастыруда. Олар кеше интернационалистік борышын ерлікпен атқарса, бүгін Отан қорғау міндетін абыроймен орындауда.

Біз үшін, кейінгі ұрпақ үшін Жеңіс күні Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктің, жастарды ерлік пен патриотизм рухында тәрбиелеудің өлшеусіз өнегесі болып қала бермек.

Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ пен береке, туғандарыңыз бен жақындарыңызға бақыт тілейміз! Халқымыз аман, еліміз тыныш болсын!

Ж.Ахметов,

Махамбет ауданының әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521