Прокурорлар кәсіпкерлердің құқығын қорғауда

Прокурорлар қызметінің басым бағыттарының бірі кәсіпкерлердің құқығын қорғау болып табылады.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекет басшысы кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне тексерулер жүргізуге мораторий жариялады.

Аталған тапсырманы орындау мақсатында облыс прокуратурасымен «мобильді топ» құрылды. Биылғы жылы 500-ден астам кәсіпкердің құқығы қорғалды. Мысалға, Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасымен мораторий жарияланғанына қарамастан, 21 шағын кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізгені анықталды. Осыған тектес заң бұзушылықтар, 18 бизнес субъектілеріне кемшіліктерді жою жөніндегі хабарлама табыстау кезінде қалалық сәулет және қалақұрылыс бөлімінің қызметкерлерінің әрекеттерінде анықталды. Жоғарыда аталған фактілер бойынша прокурорлық ден қою актілерін қарау нәтижесімен лауазымды тұлғалар әкімшілік және тәртіптік жауаптылыққа тартылды. Бұл бағытта жұмыс жалғасын тауып, ерекше бақылауға алынды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521