Президенттің жаңа жылдық сыйлығы балаларға табысталды

Жаңа жылдық сыйлық.

Жаңа жыл қарсаңында Мемлекет басшысы бүлдіршіндерді Президенттік шыршаға жинайтын. Ал биылғы оқу жылындағы еліміздегі шектеу шараларына байланысты өкінішке орай, балаларымыз бұл мерекеге қатыса алмады. Дегенмен, Президентіміз Қ.Тоқаев арнайы мектеп оқушыларына өз сәлемдемесін құттықтау хатымен қоса, А.Құнанбайұлының туылғанына 175 жыл толуына орай жарық көрген кітабын, ұялы телефон және тәттілерін жолдаған болатын.

Барлық карантиндік талаптарды сақтай отыра бұл сыйлық ауданымыздың 20 оқушысына табысталды. Аудан әкімі Жәрдемғали Бахуұлы Ахметов те жыл сайын дәстүрлі қайырымдылық шыршасына ауданның әлеуметтік осал топ санатындағы жетім немесе ата-ана қамқорлығынсыз қалған және денсаулығына байланысты үйден оқитын оқушыларды жинап өткізетін.

Биыл пандемияға байланысты жаңажылдық шырша әдеттегідей өткізілмесе де, ауданға қарасты мектептердегі 53 оқушыға базарлық дайындалған. Жаңа жылдық базарлықты әдейі табыстауға аудандық білім бөлімінің басшысы мен қызметкерлері, мектеп басшылары әр оқушының үйіне аяз ата, қарша қыз кейпінде барып, Президент пен аудан әкімінің сәлемдемелерін табыс етті.

«Жайық-Ақпарат»

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT