Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы іс жүзінде жүзеге асып жатқаны байқалады. Сауалнама нәтижелері – бұл тек статистикалық мәлімет қана емес, сонымен қатар елдегі реформалардың шынайы қолдау тауып отырғанының нақты дәлелі.
Қалалық және ауылдық тұрғындардың, әртүрлі сала мамандарының, барлық жас топтарының бірдей деңгейде сенім білдіруі – Президент саясатының жан-жақтылығы мен әділеттілігіне дәлел. Бұл қолдауды сақтау – тек биліктің ғана емес, қоғамның да ортақ міндеті.
Мұндай зерттеулер халықтың үнін естіп, ел дамуында дұрыс бағыт таңдалғанын растауға көмектеседі. Осы жолдан таймай, әділ әрі тиімді реформаларды жалғастыру – ел болашағы үшін аса маңызды.
Айзада БАЙҒАЛИЕВА,
Махамбет аудандық мәслихат депутаты