Отбасы тыныштығы –қоғам қауіпсіздігі

ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ТҰРАҚ- ТЫЛЫҒЫНА, ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА ЖӘНЕ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫНА ҚАУІП ТӨНДІРЕТІН КҮРДЕЛІ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕНІҢ БІРІ. СОҢҒЫ ЖЫЛДАРЫ ЕЛІМІЗДЕ ЗАҢНАМАЛЫҚ, ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ БАҒЫТТА ЗОРЛЫҚ- ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ БЕЛСЕНДІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ. ОСЫ ОРАЙДА ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БӨЛІМ- ШЕСІНІҢ ОТБАСЫЛЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ТОБЫ ДА ОТБАСЫ-ТҰРМЫСТЫҚ ҚАТЫНАСТАР АЯСЫНДА ОРЫН АЛАТЫН ҚЫЛМЫСТАР МЕН ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДА БІРҚАТАР ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫП КЕЛЕДІ.

Жыл басында тұрмыстық зорлық- зомбылықтың алдын алу бойынша мекемелермен бірлескен жоспар жасақталып, бекітілді. Аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысымен бірлесіп, «Тұрмыстық зорлық- зомбылық профилактикасы туралы» Заңын, ҚР-ның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар және отбасы тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарға қатысты жазалардың өзгертілгені жөнінде ауданға қарасты оқу орын­дарында, мектептерде, мекемелерде «Тұрмыс», «Есепте тұрған тұлға», «Жанұя және бала», «Құқықтық тәртіп», «Учаске» іс-шаралары арқылы түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.

Кәмелетке толмаған балалардың арасында зорлық-зомбылық қаупінде тұрған немесе оған ұшыраған ба­лаларды анықтау, алдын алу және жолын кесу мақсатында құрылған мобильді топ аудан прокуратурасының прокуроры, 2-сыныпты заңгер Аман­жан Әділжановпен бірлесіп, аудан тұрғындарының отбасылық жағдайына зерттеу жұмыстары жүргізілді. Зерттеу барысында аудандық отбасын қолдау орталығының мамандары өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға жұмыспен қамту бойынша белсенді шаралары туралы ақпарат ұсынып, әлеуметтік қолдаулар көрсетілетіндігі жөнінде түсіндірді. Қазіргі таңда аудан әкімдігі тарапынан анықталған жағдайларға сәйкес тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу ша­раларын болдырмау, құпиялылықты сақтау, қиын жағдайда жүрген әрбір адаммен жеке жұмыс жүргізу сияқты принциптерді басшылыққа ала оты­рып, жұмыстар атқарылуда.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі саясат­ты қайта қарау, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі шараларды заңнамалық күшейту, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды ілгерілету жөніндегі «Жол картасының» тармақтарына сәйкес, уақытылы оңалтуды ерте анықтауға және ұйымдастыруға бағытталған ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру мақсатында мобильді топ құрылған болатын. Мобильді топтардың негізгі міндеттерінің бірі - зорлық-зомбылық белгілері бар отбасыларға, балаларға қолайсыз әлеуметтік ортада көмек көрсету және ұйымдастыру болып табылады. Отбасының цифрлық картасының деректерін өзектендіру мақсатында полиция қызметкерлері өздерінің әкімшілік аймақтарындағы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, зорлық-зомбылық белгілері бар, қолайсыз әлеуметтік ортадағы отбасылар, көмекті қажет ететін бала­ларды анықтап, мобильді топтарымен тығыз байланыста қызмет атқарып жатыр. Өмірлік қиын жағдайға тап болған 8 отбасы анықталды. Балалар­ды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді атқармайтын ата-аналар профилактика есебіне қойылды. Оларға қатысты іс- құжаттар кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясында 11 рет қаралды. ҚР ӘҚБтК 127-бап бойын­ша 30 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, шешім қабылданды. Мобильді топтар шеңберінде үнемі ведомствоаралық негізде профилактикалық рейдтер жүргізілуде, балалар өгей әкелерімен, ата-аналық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапқа тартылған, баланың құқықтарын түсіндіру, өмір салтын және толыққанды даму мүмкіндіктерін зерделеу үшін спирттік ішімдіктер мен есірткі құралдарын теріс пай­даланатын жыныстық қылмыстары үшін соттылығы бар адамдармен бірге тұратын 16 қолайсыз отбасы анықталды.

Аудандық отбасын қолдау орталығымен бірлесіп, күнделікті тіркелген отбасы-тұрмыстық саласындағы жасалған құқық бұзушылықтар бойынша хабарлама­ларды талдап, 70 құқық бұзушы мен жәбір көрген тұлғаларға құқықтық- психологиялық жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар психолог маманы А.Жәрдемовамен бірлесіп, арнайы қабылдау орнында әкімшілік тәртіппен қамақта отырған 10 тұлғаға кездесу өткізіліп, ішімдікке тәуелді немесе қиын өмірлік жағдайларға тап болған, отбасылық мәселелері бар азаматтарға көмек көрсетілді.

Сарытоғай мәдениет үйінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылын автоматтандыруға арналған Социум ақпараттық жүйесі (Socium ААЖ) және (FSM social) цифрлық платформаларын енгізу жұмыстарын ұйымдастыру, ФСМ мобильдік қосымшасы арқылы жеке жұмыс жоспарын қалыптастыру, оны уәкілетті мемлекеттік органдарға автоматты түрде жолдау процестері пысықталды. Сонымен қатар жеке жұмыс жоспарын іске асы­ру мониторингінің нақты уақыт режиміндегі жұмыс істеу тетігіне талдау жүргізу, техникалық және ұйымдастырушылық кедергілерді анықтау бойынша оқыту семинары ұйымдастырылды. Оған әлеуметтік сараптау департаментінің эксперті А.Ташенбаев, бас эксперт Ж.Жоламан, ФСМ өкілі Ә.Орашев, Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары, Махамбет аудандық от­басын қолдау орталығы, білім бөлімінің әдіскерлері, ауыл әкімдері, аудандық емхана дәрігерлері, медбикелері, мобильдік топ мүшелері қатысты.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның қолдауымен бүкіл ел аумағында «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» атты челендж-флешмоб форматындағы акциясы өткізілді. Мұндағы мақсат - қоғамның наза­рын отбасылық-тұрмыстық зорлық- зомбылық проблемасына аудару, сыйластық қағидаттарын насихаттау, отбасында бір-біріне жәрдемдесу кағидасын және ішкі істер органдары­на қоғамдық сенімді нығайту. Акция барысында бөлімнің жергілікті поли­ция қызмет бөлімшесінің отбасылық- тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының аға инспекторы полиция капитаны А.Сапарғалиеваның ұйымдастыруымен ауылдық округтер­де мамандарымен бірлескен семинар­лар өткізілді. Республикалық акцияға орай «Нұр-Ару» би тобымен флешмоб түсіріліп, аудан тұрғындарының қатысуымен «Қолдың ізі» атты арт- терапиялық әдісі қолданылған жаттығу өткізілді. О.Шонаев атындағы орта мектебінің 7 сынып оқушыларымен бірлесіп «Полиция қорғайды» атты флешмоб түсірілді.

Отбасының қоғамдағы рөлін нығайтуға бағытталған қабылданып жатқан шаралар туралы жұртшылықты ақпараттандыру мақсатында ағымдағы 27 тамыз бен 10 қыркүйек аралығында республика аумағында «Бақытты отбасы – бақытты ел» акциясы өткізіліп, іс-шара туралы тиісті ақпарат ведомстволық интернет-ресурстарға орналастырылды. Сондай-ақ АПБ басшылардың қатысуымен 8 баспасөз конференциясы ұйымдастырылды.

Елді мекендерде полиция қызметкерлерінің оң имиджін нығайту және отбасының қоғамдағы рөлін насихаттау мақсатында кадр саясаты қызметкерімен бірлесіп төрт Ішкі істер органы ардагерлерінің отбасыларымен тақырыптық кезде­сулер өткізіліп, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.

Құрылған мобильді топтар ая­сында 23 қолайсыз отбасына және 2 қиын өмірлік жағдайларға тап болған отбасыларға кешенді көмек көрсетілді. Халық арасында беделді қоғам өкілдерін тарта отырып, 8 адамға профилактикалық жұмыс жүргізіліп, психолог маманмен көмек көресетілді.

Азаматтардың жаппай көп жина­латын орындарына отбасылар мен әйелдер және балалар мәселесі бойын­ша жұмыс істейтін «111» мемлекеттік бірыңғай сенім телефон-қызметінің нөмірін көрсете отырып, аталған тақырыптағы плакаттар, ауылдық жер­лерге 9 билбордтар орналастырылды. Акция аясында Сарайшық, Таңдай, Махамбет ауылдарында LED экранда бейнероликтер көрсетілді. Сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша 410 жадынама мен буклеттер таратылды.

Бөлімнің «қорғау нұсқамасы», «ерекше талаптар», «маскүнемдікпен есепте тұрған», «қолайсыз отбасы» санаттары бойынша профилактикалық есебінде тұрған тұлғалар тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексеріліп, профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. ҚР ҚК 109-1 бабымен қылмыстық іс тіркелді. Акция барысында кезекші бөлімге 8 жанұя жанжалы тіркеліп және ҚР ӘҚБК-ң 73 бабымен 8 тұлға жауапкершілікке тар­тылып, жәбірленушілерге құқықтық көмектер көрсетілді. Сонымен қатар 5 азаматқа қорғау нұсқамасы тағайындалып, қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін бір құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК 461- б., 1-б. әкімшілік хаттама жасақталынып, іс-құжаттар аудандық сотқа жолданды. Сенім телефоны бой­ынша «Жедел желісіне» хабарласып, көмек сұраған әйелдерге құқықтық консультация берілді.

Ауылдық округтерде «Зорлық- зомбылыққа жол жоқ», «Зорлық- зомбылықсыз Қазақстан!», «Мен өмірді таңдаймын!», «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!», тақырыптарында банерлер орнала­стырылып және LED экран арқылы бейнероликтер көрсетілді. Онда «111» сенім телефоны, аудандық по­лиция бөлімі және аудан әкімдігінің сенім телефондары көрсетілді. Аудан тұрғындары көп шоғырланатын саябақтарда, сауда орталықтары мен азық-түлік дүкендерінде, әкімдіктердің хабарлама тақтасында және басқа да әкімшілік ғимараттар мен мекемелер­де «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» тақырыбында жадынамалар, «Ана мен бала» орталықтарының жарнамалары ілініп, ақпараттары кеңінен таратылды.

Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау және оларға қарсы жасалатын қылмыстарды болдырмау мақсатында, бұқаралық ақпарат құралдарына, соның ішінде аудандық «Жайық шұғыласы» газетіне мақалалар тұрақты жариялануда.

Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бағытындағы жұмыстың ұйымдастырылуы бөлімше басшы- ларының басты назарында және көмек көрсету, құқықтық кеңес беру жұмыстары әрі қарай жалғасады.

А.САПАРҒАЛИЕВА,

аудандық полиция бөлімі

қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің

отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының аға

инспекторы, полиция капитаны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT