Ортақ іске жауапкершілікпен қарайық

Есбол ауылдық мәдениет үйінде орналасқан  №232 референдум учаскесінде бүгін  жұмыс ертемен қызды. Өз таңдауын білдіруге асыққан көпшілік учаскеге қарай әлі де ағылуда.

Жүздерінен ел ертеңіне деген үміт оты ұшқындап тұрған сайлаушылар арасынан осы учаскеге ерте келіп, таңдауын үшінші болып білдіргендердің қатарында зейнеткер, ерлі-зайыпты Светқали Меңдіғалиев пен Тілектес Еменова да бар.

d49319fc-6819-473d-8395-cdfd547fbb3e

- Үлкен өзгерістер алдында тұрған мемлекетіміз үшін референдумның қаншалықты маңызды екенін жақсы білесіздер. Елдің кемел болашағы үшін бүгін дұрыс таңдау жасадық деп ойлаймыз. Бұл ортақ іс, оған жауапкершілікпен қарағанымыз абзал. Еліміз өркендей берсін. Жұртымыз аман, тәуелсіздігіміз баянды болсын—деген  тілегін білдірген С.Меңдіғалиевке комиссия төрағасы Ержан Қозыекешов ең бағалы сыйлық кітап тарту етті.

Аталмыш учаскеге тіркелген барлық сайлаушылар саны 432 болса, оның 6-уы 18-де. Үйден дауыс бергендер саны 11.

 

Б.Сапарова.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз