Қазіргі кезде тоғайларда су жеткілікті болмағаннан соң қурап жатқан ағаштар көп-ақ. Олар сіріңке шырпысы сияқты тез тұтанып, жанып кетуге әзір тұр. Сол себепті от жағатын кезде жердің көлемін кеңдеу етіп, тұтанғыш құрғақ шөп, шырпылардан тазартып, алу керек. «Жаман айтпай, жақсы жоқ» тоғай отқа оранса,оны ауыздықтау оңайға түспесі анық.
Елсіз далада көлемді жер жанып, айналаға қалың қою түтін көтерілгенде ғана көзге түседі. Одан тиісті жерлерге хабар жетіп, жинақталып жеткенше сол аймақтың жартысы тілсіз жаудың құрбанына айналары сөзсіз. Сондықтан да әркез сергектік, ұқыптылық пен сақтық керек-ақ.
Орман-тоғай – ел байлығы. Жайықты жағалай қоныстанған жұртшылыққа таза оттегін беріп отырған табиғат - ана!
Тоғай бойын қуалай өсіп жатқан аң-құс та байлығымыз десек, өрт шалған тоғайдан аң-құс та безініп, көшіп кетеді.
Еліміздің кең даласында тоғайсыз шөл, шөлейт аймақтар көп. Ал Жайықтың екі жағын бойлай өскен жасыл тоғай, бізге бұйырған сый. Олай болса, қолда бар алтынның қадірін жоғалтпайық, ағайын!
Аманжол ҚАДЫРБАЕВ,
«Махамбет орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеме» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өрт сөндіру станциясының басшысы