Орман өртінің алдын алды

«Махамбет орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекеме» КММ орман қоры жері 12 430 гектарды құрайды.

Жалпы міндеттердің бірі - орман-тоғайды қорғау болып табылады. Атырау облысы әкімінің орынбасары Ә.Нәутиевтің 2019 жылдың 8 ақпандағы «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман өртін болдырмау, егер бола қалған жағдайда оны шұғыл сөндіруді ұйымдастыру жөніндегі» іс-шаралар жоспарын басшылыққа ала отырып, 14 маусымда орман қорының 41-ші орамында Сарайшық ауылдық округінде өрт сөндіруге арналған оқу-жаттығу шарасын өткізген еді. Оған мекемеден бірнеше техникалар, өрт сөндіруге арналған құрал-саймандар, орман күзеті қызметкерлері түгел қатысты.

Сонымен қатар Махамбет аудандық төтенше жағдайлар, өрт сөндіру бөлімдерінің командасы бар техникасымен, Сарайшық ауылдық округіне қарасты өрт сөндіретін адамдармен және округтегі ұжымдардан 1 дана су таситын автокөлік, 1 дана «ДТ-75» плугпен, «МТЗ- 80» тіркемесімен және Махамбет АПБ жергілікті полиция қызметі, «Қазақтелеком» аудандық бөлімшесі, аудандық емхана, облыстан аумақтық инспекция мамандары да қатысып, шараны бірігіп өткізді.

Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы РММ басшысының орынбасары М.Абдрахман өрт сөндіруге арналған оқу-жаттығу шарасының өз деңгейінде сәтті өткенін хабарлап, қатысқан ұжымға өз ризашылығын білдірді.

Е.Серіков, орман шебері

Сурет:Дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT