Елордадағы Тәуелсіздік сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен "Нұр Отан" партиясының кезекті XVIII съезі өтті.
Съезде Елбасы, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сөз сөйледі. Алдымен «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасы туралы мәселе қозғалады. Одан кейін партияның Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар қарастырылып, партия Саяси кеңесінің жəне Орталық бақылау-тексеру комиссиясының есепті кезең бойынша жұмысының қорытындылары шығарылды. Сонымен қатар партия Саяси кеңесінің жəне Орталық бақылау-тексеру комиссиясының мүшелері сайланды. жуығы - қонақтар.
БЮДЖЕТ ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ 45% ӘЛЕУМЕТТІК САЛАҒА БАҒЫТТАЛАДЫ
«Биыл республикалық бюджет шығындарының 45 проценті әлеуметтік салаға бағытталады. Әлеуметтік бөлімде бірқатар түйткілді мәселелердің бар екені анықталды. Осыған байланысты, азаматтарымыздың әл-ауқаты мен өмір сапасын жақсарту үшін Ұлттық қордан қаражат бөлу туралы шешім қабылдадым. Үкімет бұл шығындарды дұрыс әкімшіліктендіруі керек», - деді Президент. Съезд барысында Елбасы Үкіметке «Нұрлы жер» бағдарламасын кеңейтіп, оның аясында көпбалалы отбасыларға 40 мың жалдамалы пәтер салуды тапсырды. Бұл шараға жыл сайын 50 млрд. теңге бөлінетін болады. «Үкіметке «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында көпбалалы отбасылардың ішіндегі аз қамтылған отбасыларға басымдық бере отырып 40 мыңнан астам жалдамалы пәтер салуды тапсырамын. Бұл мақсатқа таяу 7 жылда жыл сайын 50 млрд. теңге бөлінетін болады», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мақаланың толық нұсқасы газетіміздің №9 санында