Обаның шығу тарихы

Оба таяқшасының табиғи тасымалдаушысы - кеміргіштер. Ең танымал теория бойынша, оба індеті Қытай мен Монғолияның қазіргі шекарасына жақын жерде 1320 жылға жуық басталған. 

Нашар климат пен аштық кеміргіштерді олардың дәстүрлі тұратын жерлерінен қуып шықты, адамдар баспанасының жанында тамақтануды іздеуге мәжбүр етті. Кеміргіштерде кездесетін бүргелер адамдарды жиі шағып, бактерия адамдарға жұға бастады. Адамдардың денелері мен киімдері және саудагерлердің жүктері арқылы ауру таралды. Тарихи деректерге сүйенсек, 1331 жылы оба ауруы Хэнань Қытай провинциясына жеткен. Қытай мен Үндістан аумағында таралып, ал 1346 жылда сауда кемелері Қырымға обаны әкеледі. 1347 жылдың көктемінде оба Константинопольге жетіп, онда тұрғындардың 90%-на дейін көз жұмған. Сол жерден ауру Александрияға және одан әрі Африкаға, сондай - ақ қазіргі Италияның территориясына, Венецияға дейін жетеді. Бұл жерде билік алғаш рет обаға тойтарыс беруге тырысты, жаппай іс - шараларға тыйым салып, зарарланған және мәйіттерді жерлеу үшін карантиндік аймақты ұйымдастырды. Бірақ мұндай шаралар да халықты құтқаруға көмектескен жоқ. Венецияда тұрғындардың 60% - ы қайтыс болды. 1348 жылы оба Франция мен Англияға тарады. XIV ғасырдың дәрігерлері оба алдында дәрменсіз болды. Ауруға қарсы жалғыз тиімді әдіс ауру тараған аудандардан орын ауыстыру болды. Зерттеушілер "қара оба" кем дегенде 60 миллион адамның өмірін алып кетті деп санайды. Бұл яғни жердің барлық халқының төрттен бір бөлігі. Еуропа халықы шамамен үштен бір бөлігінен (25 миллионға дейін қаза тапқан) айырылды, ал Норвегия мен Исландия сияқты елдерде адамдардың тек 30% - ы ғана аман қалды. Індеттің әлеуметтік және экономикалық салдары бірнеше жүз жыл бойы сезілді.

Г.Наубаева

обаға қарсы күрес бөлімшесінің зертханашысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT