Оқушылардың қауіпсіздігі – қаперде

Білім берудің дәстүрлі форматына көшкен оқушылардың қауіпсіздігі – басты назарда.

Мектеп аумағында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, автокөлік жүргізушілерінің әсіресе мектеп маңында жол қозғалысы ережелерін бұзуға жол бермеу – маңызды. Осыған орай Махамбет ауданында «Абайлаңыз, балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Махамбет ауданының бірқатар мектептерінде ювеналдық полиция инспекторларымен оқушылар арасында жол қауіпсіздік ережелерін түсіндіру бойынша сабақтар өткізілді. 1-4 сынып оқушыларына көшені кесіп өту үшін арнайы белгіленген жерлермен жүруді және бағдаршамның түстерін, қызметін толықтай түсіндірді. Түрлі суреттер арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттырып, белсенді қатысуларын қадағалады. Мұндай іс-шаралардың мақсаты балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жасөспірімдердің жолда жүру қауіпсіздігіне байланысты жолда жүру ережелерін түсіндіру.

«Абайлаңыз, балалар!» іс-шарасына қатысқан мектептің жас инспекторлары патрульдік полиция тобының инспекторларымен бірлесіп жұмыс атқарды. Жақында ғана аудан орталығындағы көше қиылыстарына орнатылған бағдаршамға бағыну, белгіленген жерден өту бойынша түсінік берілді.

4508d654-c9bd-4da2-8e59-b605bf96d3c1

- Жол қозғалысы ережесін түсіндіруге бағытталған «Абайлаңыз, балалар!» акциясы аясында өзімізден кіші, 1-2 сынып оқушыларына жолда жүру ережелерін түсіндірдік. Балалар, жолдау жүру ережесін сақтайық! - дейді Д.Төленов атындағы мектеп-гимназияның жас испекторы Жандарбек Мұрагелді.

Көп жағдайда жасөспірімдердің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасында балалардың жолда алаңғасарлыққа салынып, ұялы телефон пайдаланып немесе музыканы бар дауысына шығарып, құлаққапты құлағына салып алып көліктердің дыбысына мән бермегендігінен орын алып жатады. Сондықтан да өз кезегінде полицейлер ата-аналарға балаларына үнемі жолда жүру ережелерін барынша естеріне салып, мейлінше қадағалап отыру керектігін айтады. Сонымен қатар аудан көлемінде «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы қылмысты ескерту және оның алдын алу, оның ішінде білім беру ұйымдарының оқушылары арасындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу. Іс-шара барысында балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамаған қос ата-анаға әкімшілік хаттама толтырылып, бөлім есебіне қойылды. Сондай-ақ, түнгі мезгілде заңды өкілінсіз жүрген 30 жасөспірім анықталып, ата-аналарына жеткізілді. Жасөспірімдердің қатысуымен орын алған құқықбұзушылықтың 32 фактісі анықталып, тиісті шаралары алынды.

6c6741c7-7071-41bf-ab55-3dc23abeb700

- Бұл іс-шаралардың негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылығын арттыру. Сондай-ақ оқу жылының басталуына орай оқушыларға жолдау жүру ережелерін түсіндіру, балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу болып табылады. Іс-шараға бөлімнің әкімшілік полиция және жергілік полиция қызметі бөлімшесінің жеке құрамы жұмылдырылып, қазіргі уақытта осы тақырыптар бойынша білім беру ұйымдарында арнайы дәрістер, сабақтар ұйымдастырылуда. Қазіргі уақытта бала қауіпсіздігі басты назарда болғандықтан азаматтарды қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін сақтауға шақырамыз,- дейді аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция бөлімшесінің патрульдік полиция тобының қызмет аға инспекторы, полиция капитаны Қуаныш Шонышев.

Іс-шаралар аясында түнгі мезгілде балалардың қауіпсіздігі туралы түсінік жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар таратылды. Оларға қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау, кәмелетке толмағандар арасындағы топтық жанжалдың қауіптілігі, алкогольдың зияндылығы мен жыныстық тиіспеушілікке қатысты құқықбұзушылықтар туралы кеңестер берілді.

 

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT