«Нұр-Ару» - дың бағындырар белесі алда

Өткен аптада Ташкент өңірінде “I LOVE TO DANCE” Халықаралық хореографиялық конкурсы өткен болатын. Аталмыш бишілер байқауына Ташкент, Өзбекістан, Татарстан, Бельгия, Болгария елдерімен қатар Қазақстаннан әр түрлі қалаларынан бишілер тобы қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Соның ішінде облыстың, ауданымыздың намысын қорғаған «Нұр-Ару» тобы үздіктер қатарынан көрініп, жүлдемен оралды.

Жағымды жаңалықты естіп, «Нұр-Ару» тобының жетекшісі, хореограф Білім Аруеваны құттықтап, хабарласқан болатынбыз. Ол:

- Құттықтауларыңызға көп-көп рахмет. Әрине Халықаралық конкурс болғасын үлкен дайындықпен бардық. Еңбегіміз ақталды. Кіші топтан 12 қыз 2 би билеп, І және ІІ орындарды иелендік. Ортаңғы жоғарғы топтан 21 қызбен 3 би алып барып, олардың арасынан 1 Гран-при және І-ші орын ІІ-ші орындар бұйырды. Бізбен бірге, 12 ата-ана барып, қолдауларын көрсетті. Оларға алғысым шексіз. “Нұр-Ару” әлі де талай белестерді бағындырады, бұл тек бастамасы ғана, - дейді ол өз сөзінде.

Бізде бишілерді кезекті жеңістерімен құттықтап, жеңісті күндеріңіз көп болсын деген тілегімізді білдіреміз.

Б.САПАРОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT