Биылғы Жолдауда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет саласына айрықша назар аударды. Бұл – рухани құндылықтарымызды жаңғыртып, мәдениет қызметкерлерінің мәртебесін арттыруға бағытталған маңызды қадам.
Мәдениет – ұлттың рухани өзегі, елдің айнасы. Сол себепті мәдениет саласында еңбек етіп жүрген әрбір азаматтың еңбегін бағалау, олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту – мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі болып отыр. Өнер мен мәдениетке көрсетілген қолдау – елдің рухани дамуы мен ұлттық бірегейлікті сақтауға салынған инвестиция.
Жолдауда мәдениет саласын дамыту, шығармашылық иелерін қолдау, өңірлердегі мәдениет үйлері мен кітапханалардың қызметін жетілдіру бағытында нақты міндеттер белгіленді. Бұл бастамалар елдің мәдени әлеуетін арттырып, шығармашылық ортаға жаңа серпін береді. Ұлттың рухы – мәдениетінде.
Өнер мен мәдениетке құрмет көрсету – елдің өркениетке ұмтылысын көрсетеді.
Бүгінгі таңда әрбір мәдениет қызметкері өз еңбегімен халықтың жүрегіне жол тауып, ұлттық құндылықтарды насихаттауға үлес қосып келеді.
Өнерге құрмет – елдің өркениетіне құрмет!
Е.Идрисов,
Махамбет аудандық «Өнерпаз» мәдениет үйінің басшысы