Әнел, біз сені ұмытпаймыз!

«Нұр Отан» партиясы Махамбет аудандық филиалы аз қамтылған отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға жәрдем беру, оларды әлеуметтік тұрғыдан қолдау мақсатында 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай қайырымдылық акциясын ұйымдастырған болатын.

Осыған байланысты бастауыш партия ұйымына қарасты Атырау облыстық көмекші мектеп-интернаты мемлекеттік мекемесі де ұйымдастырылған іс-шараның нәтижелі өтуіне белсене атсалысып, тәуелсіздік мейрамын тойлауға аз да болса өз үлесін қосты.

Мектеп директоры Аманғалиева Гүлнар Қалешқызының тапсырмасымен директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Альдешова Райса бастаған бір топ партия мүшелері әлеуметтік жағынан аз қамтылған, денсаулығына байланысты үйден оқитын мүмкіндігі шектеулі балалардың бірі - Болат Әнелдің үйіне арнайы барып, оқу құралдары мен қысқы киім-кешектерді табыс етті. Сондай-ақ мектеп оқушылары Дабысова Арайлым мен Құспанова Аружан Тәуелсіздік туралы өлең жолдарын нақышына келтіре мәнерлеп айтып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

«Берсең, балаға бер, қуантсаң, баланы қуант» дегендей, кішкентай Әнелдің қуанышты сәтін тілмен жеткізу мүмкін емес, оны көзбен көрген адам ғана біледі. Қонақтарды жылы шыраймен қарсы алған Әнелдің анасы өз кезегінде осы игі іске мұрындық болған мектеп басшысы Гүлнар Қалешқызына және ұжым мүшелеріне аналық алғысын айтып, жұмыстарына толағай табыс тіледі. Мүмкіндігі шектеулі балалардың қуанышын көру-қандай бақыт. Болат Әнелге көмек жасай отырып, осындай қуанышты көру бақытына біз де ие болдық.

Ақкүміс ОРАҚҚАЛИЕВА,

Атырау облыстық көмекші мектеп-интернаты мұғалімі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT