Аудандық «Жайық шұғыласы» газеті Махамбет ауданы әкімінің қолдауымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес 2019 жыл Жастар жылына орай «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында жас отбасылар арасында байқау жариялайды.
Байқаудың мақсаты: Қоғамдағы отбасы институтының беделін көтеру. Жас отбасыларды көтермелеу, олардың бір-біріне деген татулығын, сыйластығы мен сүйіспеншілігін арттырып, қолдау көрсету.
Байқау шарттары: Байқауға жасы 35-ке дейінгі ауданымыздан және оған қарасты елді мекендерден кез келген жас отбасылар қатыса алады;
Байқауға қатысушылар "Отбасы - бақыт мекені" тақырыбында (көлемі А4 1 бет) эссе жазуға міндетті.
Жас отбасы сапалы фотосуретін (немесе редакциямызға келіп түсуге болады) және аудандық «Жайық шұғыласы» газетіне бір жылға жазылғандығы жөнінде түбіртекті алып келуі тиіс немесе электронды поштамызға жолдай алады.
Байқауды өткізу тәртібі:
1. 1 ақпаннан басталып, 10 мамырға дейін жалғасады.
2. Үміткерлердің фотосуреті және олар туралы толық ақпарат газет бетінде жарияланып отырады.
3. Жеңімпаздарды анықтау «Жайық шұғыласы» газетінің ресми сайтында (www.zh-shugylasy.kz) дауыс беру арқылы жүргізіледі.
Үміткерлер ішінде ең көп дауысқа ие болған отбасылар жүлделі 3 орынмен марапатталады.
Жүлде қоры:
1 орын – 100 000 МЫҢ ТЕҢГЕ
2 орын – 75 000 ТЕҢГЕ
3 орын – 50 000 ТЕҢГЕ
Бұдан бөлек дауыс санын есепке ала отырып, «Ең жас отбасы», «Ең үлгілі отбасы», «Ең танымал отбасы», «Ең жарасымды отбасы», «Ең белсенді отбасы» номинациялары бойынша да бес жүлде иегерлері анықталады.
Өтінімдер: Махамбет ауданы, Абай көшесі, 10 мекен-жайы бойынша және
Байқау Халықаралық отбасы күні қарсаңында қорытындыланады.