Mysyrlyq tanym монетасы

Қазақстан Ұлттық Банкі «Жаратылыс сырлары» моне¬талар сериясынан Mysyrlyq tanym коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады. Монеталар 2025 жылғы 3 желтоқсаннан бастап https://kazcoins.nationalbank. kz интернет-дүкені арқылы сатылымға шықты.

Mysyrlyq tanym монетасының дизайны ежелгі Мысыр мен қазіргі заманғы дүниетанымды біріктіреді. Монетаның тантал бөлігінде – Мысыр құдайлары, күміс бөлігінде технология символдары мен олардың трансформациясы бейнеленген. Бірнеше құрамнан тұратын Mysyrlyq tanym коллекциялық монетасында күрделі технология қолданылған. 925 сынамалы күмістен жасалған монетаның тантал қондырмасы бар. Монетаның жалпы массасы – 162,2 грамм, дайындау сапасы – «proof», номиналы – 2000 теңгелік, дайындау таралымы – 400 (төрт жүз) дана. 

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өздерінің белгіленген құнына сай төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға, аударуға, ұсақталуға және айырбасталуға жатады. Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды. 


«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» 
РММ Атырау филиалының қолма-қол ақшамен 
жұмыс және кассалық операциялар бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT