Министр Б.Нұрымбетов Махамбет ауданында болды

Бүгін облысқа жұмыс сапарымен келген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ауданымызда болды.

Министр алдымен аудандағы бірқатар нысандарды аралады. Атап айтсақ, орталық аурухана ғимаратында орналасқан жүйке жүйесі-неврологиялық ауытқуы және тірек қозғалыс аппараты бұзылған мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету аумақтық мекемесі, шағын несие алып кәсібін дөңгелетіп отырған «Аруна» сауда үйі және аудандық жұмыспен қамту орталықтарында болып, жай-күйімен танысты.

c

8

9f289c9d-43cf-4171-9fbb-c3b2aef6cf09

Бұдан соң аудандық «Нұр Отан» партиясы ғимаратында аудан әкімінің орынбасары, аудандық мекеме басшылары, ауыл әкімдері, ардагерлер кеңесінің төрағасы және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесіп, атаулы әлеуметтік көмектің жаңа моделі жөнінде кең көлемде мағлұмат берді. Жиынға қатысушылар тарапынан айтылған ұсыныс-тілектерді жазып алып, көкейдегі сан алуан сұрақтарға жауап берді.

c

8

e

cf553b4e-5ae4-469d-a569-a5e8ee896245

Б.Сапарова

Сурет:автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521