Мерзімі аяқталған жүргізуші куәлігін енді поштамен алдырта аласыз

Көлік жүргізушілеріне жағымды жаңалық

"Атырау Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің бастамасымен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ мен «Қазпошта» АҚ-ның Атырау облыстық филиалдары арасында екі жақты ынтымақтастық жөніндегі келісім жасалды. Енді көлік иелері жүргізуші куәлігінің мерзімі аяқталуына байланысты өтінішті ХҚКО-да рәсімдеп, дайын құжатты пошта қызметі арқылы алдырта алады.

Махамбет аудандық ХККО жетекші маманы Азат Қапановтың айтуынша, ауыл елді мекендерінің тұрғындары облыс орталығына барып, уақытын жоғалтса әрі қаражаттарын да шығындайтын.

«Енді аудан тұрғындары ХҚКО арқылы өтініш жолдап, өз мекенжайларын көрсетеді. Біздің қызметкерлер бұл өтінішті мемлекеттік органға жолдайды. Құжат дайын болған сәтте қаладан аудан орталығына пошта қызметі арқылы қызмет алушының үйіне дейін жеткізіледі. Өз кезегінде мерзімі өткен ескі құжатты пошташы қайта алып кетеді. Бұл да сапалы қызмет көрсетудің бір тетігі», – дейді Азат Қапанов.

son110920-11

Бұған дейін жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін облыстағы Индер, Исатай, Қызылқоға, Мақат және Махамбет аудандарының тұрғындары Атырау қаласының мамандандырылған ХҚКО-сына жүгінсе, енді өз аудандарындағы ХҚКО арқылы куәлікті жаңарту мүмкіндігі туды.

Ал аудандық «Қазпошта» филиалының басшысы Айдос Шаштабаев болса: «Қызмет алушылар үшін құжатты жеткізіп беру қызметінің құны 470 теңге болып бекітілген, ауданда пошта қатынасы күн сайын жүргізіледі. Енді облыс орталығына бармай-ақ, аудан тұрғындары жүргізуші куәлігін поштамен алдырта алады» -,деді.

"Жайық-Ақпарат"

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521