Махамбеттік екі жастың некесі салтанатты жағдайда қиылды

Екі жастың некесі қиылды.

Отбасы мерекесіне орай Махамбет аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал-актілері бөлімінде жас отбасылар Муслимов Наурызбек пен Жұбанова Дамираның некесі салтанатты жағдайда қиылды.

Шараны бөлімнің АХАЖ бас маманы Зулфия Болатова ашып, отбасы күніне байланысты әрі осы күні үйлену тойлары болып жатқан Махамбет ауылының тұрғындары Н.Адильханович пен Д.Қуангерейқызын заңды некеге отыруларымен құттықтап, шаңырақтарына шаттық тіледі. Одан әрі бас маман З.Болатова некені заңды рәсімдеп, тіркеу журналына жас жұбайлардың қолдарын қойдыртып, оларға неке куәлігін салтанатты жағдайда тапсырды. Ескерткіш сыйлықтар да табысталды.

neke-11920

Өз кезегінде жас жұбайлар ризашылықтарын білдіріп, бұл естен кетпес атаулы күннің мерекемен тұспа-тұс келуіне қуанышты екендерін жеткізді.

А.Қуанышқалиева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT