«Мен үшін «Жайық шұғыласы» газеті ең сырлас досым»

Газет-журнал дегенге кішкентайымнан әуес болдым.

Мені әуестендірген әкем Қазымбек болды.Үйге келген қай газет-журнал болмасын бас алмай оқып жататын.

Мектеп табалдырығын аттаған кезден бастап күн сайын ауыл поштасының есігін бағатынды шығардым. Өйткені, алдымен аудандық газет «Малды өңірді»(қазіргі «Жайық шұғыласы») оқуға асығамын. Сөйтіп, менің журналистикаға деген құмарлығым газет оқырманы болудан басталып еді.

Мен үшін «Жайық шұғыласы» газеті ең сырлас досым.Ол бір жағынан осы газет редакциясының ыстық-суығына көп жылдар бойы көнгендігімнен де болар деп ойлаймын. Байқаймын, соңғы кездері жергілікті басылымдардың оқылымы тым азайып кеткенге ұқсайды. Әлде айналадағы ақпарат ағынының көптігінен бе оқырман қауымның көзі азайғаны өкінішті.Дегенмен ауылдарда аудандық, облыстық газеттерге деген сұраныс бары қуантады.

Ренжітетіні-сол басылымдардың уақтылы қолға тимеуі. Жақында газет редакциясы басылымға жазылудың балама әдісін ойластырғаны туралы естіп жатырмыз. Мүмкіндік болса, өз тауарыңды өзің өткізгенге не жетсін.

Негізінен «газет» деген сөздің өзі «тиын» деген сөзден шыққан ғой. Қаражат тиыннан құралады. Ал тауар өтімді болуы үшін сапасы да қажет. Оқырман атаулы редакция журналистерінен осыны күтеді. Ауылдардағы үп еткен жаңалықтар қысқа да нұсқа болса, әдебиет пен өнер, өлке тарихы тақырыбы көбірек қозғалса деп ойлаймын. Бүгін шыққан басылым оқырман қолына бүгін тиіп жататын болса газеттің таралымы да жақсарар еді.

Іске сәт,қаламгерлер!

Қадыржан ҚАЗЫМБЕКҰЛЫ,

Қазақ Журналистикасының қайраткері,

газетіміздің бұрынғы қызметкері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз