Мемлекеттік қызметші – ел тірегі

ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің ұсынысына сәйкес, Жастар ресурстық орталығында, "Bilikti memlekettik qyzmetshi - el tiregi" атты үлгілі жас мемлекеттік қызметкерлердің жоғары сынып оқушыларымен кездесу кеші ұйымдастырылды.

Оған аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру, жұмылдыру дайындығы және төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Саян Меденов, аудандық полиция бөлімінің ювеналдық полиция тобының инспекторы, полиция аға лейтенанты Ақбөбек Елешова, аудандық №4 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы, азаматтық қорғау аға лейтенанты Ақылбек Төлепов және ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің бас маманы Айнагүл Қақиева арнайы шақырылды.

Кездесуді ауданы әкімі аппаратының кадр қызметі және персоналды бағалау бөлімінің басшысы, Бота Ғасырбекқызы жүргізді. ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің бас маманы Айнагүл Қазбекқызы мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі туралы аудан жастарына баяндап, брошюралар таратты. Бірінші бөлімде арнайы шақырылған жас мемлекеттік қызметшілер өздеріне қойылған сауалдарға жауап беріп, не себепті осы мамандықты таңдағандарын баяндап, мамандықтарына деген сүйіспеншіліктерін жеткізіп, бос уақыттарында немен айналысатындарымен бөлісті.

С.Меденов жұмыс барысында есте қалған оқиғаларын баяндаса, А.Елешова атқарып жүрген қызметінің қиындықтарынан сыр шертті. Ал, А.Төлепов қызмет барысында кездескен қиындықтар бола тұра таңдаған мамандығын мақтан тұтатынын айтты. Кездесудің екінші бөлімі логикалық және қызықты сұрақтар, ойындармен жалғасын тапты.

Б.Сүйеуова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT