Атырау облысының әкімі Н.Ноғаев: «Тұрғындар сапалы қызмет алуы тиіс»

Облыс басшысы Нұрлан Ноғаев басқармалар мен мекеме басшылары қатысқан жиында «Телеграмм» желісі арқылы халықтан түскен шағым негізінде «Атырау-Жарық» АҚ облыстық филиалы басшысына ескерту жасады.

«Телеграмм» желісі арқылы шағым түсірген қала тұрғыны электр желісінің қуаты шамадан тыс көбейіп кетуінің салдарынан бірнеше тұрмыстық техникасы жанып кетіп, ойламаған жерден шығынға батқанын мәлімдеген. Тұрғындардың айтуынша қаладағы «Атырау-Жарық», «Атырау су арнасы» секілді мекемелер, ай сайынғы төлемді төлетуге келгенде, уақытынан бір күн асып кетсе, қиып кетуге шебер болғанымен, халыққа сапалы қызмет көрсетуге келгенде жайбасарлық танытып, салғырттыққа жол беретін көрінеді.

Халықтың жанайқайына жете мән берген аймақ басшысы аталған мекеме басшыларынан тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуді талап етті.

-Халықтың көпшілігі тұрмыстық техниканы несиеге алатыны жасырын емес. Сол несиеге алған дүниесі «Атырау-Жарық» АҚ-ның жұмысты дұрыс ұйымдастыра алмағанының кесірінен жанып кете берсе не болады? Бұл жүрдім-бардым қарайтын, жеңіл-желпі мәселе емес. Қаламыздың әр тұрғыны сапалы қызмет алуға тиіс. Сондықтан тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуді сіздерден талап етемін, – деген Нұрлан Асқарұлы бұл мәселемен айналысуды орынбасары Н.Таубаевқа тапсырды.

Б.Сүйеуова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз